ЕЛАНАСЫ – АУДАНЫМЫЗДА
Халықаралық «Қазақстан Дәуірі» газетінің «AMANAT» партиясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, Республикалық ардагерлер ұйымы мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтымен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты республикалық экспедициясы Жамбыл ауданында өтті.

Танымдық шараға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының және Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «Қазақстан Дәуірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, ардагер ұстаз Сәуле Мешітбайқызы арнайы келіп қатысты.
Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков, АМАНАТ партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жастар қатысты.
Жиынға қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.