Достық туралы қисса
Бірде екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!». Сөйтіп, екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерге жеткенде ішерміз деп келісіп алады.

(«Дұрыс жол» парақшасынан алынды)