ДАУЫСЫҢДЫ ӨЗГЕРТ!
Орманда бір көгершін асығып ұшып келе жатқан үкіні көріп қалып сұрайды:
– Уа жол болсын, үкі! Қайдан келесің?
Үкі жауап береді:
– Оның несін сұрайсың, көгершін? Мен шығыста тұратын едім, енді батысқа ұшып барамын.
Осыны айтты да үкі ащы дауыспен қарқ-қарқ күліп жіберді.
Көгершін тағы сұрайды:
– Туған жеріңді тастап, бөтен жаққа бара жатқаның қалай, мәнісін айтпас па екенсіз?
Үкі айтады:
– Шығыста жұрттың бәрі мені жек көріп кетті! Бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай, бәрінің айтатыны бір сөз: “Дауысың жаман!” дейді.
Сонда көгершін сәл ойланып тұрып былай депті:
– Қап, әттеген-ай! Сен бекер жер ауыстырған екенсің. Саған жерді емес, дауысыңды өзгерту керек еді. Шығыста да, батыста да қарқылдаған ащы дауысты кім жақтыра қойсын?..
📌 Өнеге:
Адам қайда барса да, ішкі мінезі өзгермесе, орнын ауыстырғаннан пайда жоқ.
Жұмысымызда да, отбасында да дәл солай:
өзіміздің даусымызды — яғни сөзімізді, қарым-қатынасымызды, мінезімізді — өзгертпесек, орын ауыстырғаннан, кінәлі адам іздегеннен еш нәтиже бермейді.