Проект казахстанских школьников в топе мировых проектов: алматинские школьники стали победителями конкурса NASA

📣 Сразу две команды НИШ ФМН города Алматы вошли в число победителей престижного международного конкурса Space Settlement Contest 2025, организованного NASA

Читать далее

Әбілқайыр Байпақов: Қала тұрғындары ерекше ұйымшылдық көрсетті

Ежелгі Тетис мұхитының жұрнағы –  кәрі Каспиймен жапсарлас Ақтау  алқабы қазақ ұлысын құраған түпкі түркі-тайпалардың түпқазық алабы екенін тарихи айғақтар тәпсірлейді. Алпыс жылдық

Читать далее

Тілге жасалған қиянат – ұлтқа жасалған қиянат

Қазақ тілінің тағдыры – бір ғана тіл мәселесі емес. Бұл – мемлекеттің, ұлттың, тәуелсіздіктің тағдыры. Ал бұл тағдырмен ойнауға ешкімнің құқығы жоқ. Соңғы уақытта елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі жиі тапталып жүр. Соның нақты бір көрінісі – «Magnum» желісінің қазақ тіліне деген көзқарасы. Қазақ елінде жұмыс істей тұра, қазақ тілін елемеу, оны кемсіту – жай ғана немқұрайлылық емес. Бұл – отаншылдыққа, ұлттық бірлікке жасалған тікелей шабуыл. Жарнамалар орысша, жазбалар орысша, қызметкерлердің басым көпшілігі қазақша сөйлеуден бас тартады. Қазақша сұрасаң, кекесінмен қарайды немесе түсінбеген кейіп танытады. Бұл құбылыс кездейсоқтық емес. Бұл – жүйелі түрде қалыптасқан, тұтынушының тілдік құқығын аяққа таптау. Әлеуметтік желілерде, қоғамда, баспасөзде бұған қарсылық күшейіп келеді. Ең бастысы – халық үнсіз қалмай, өз үнін жеткізуде. Бұл бейжай қарауға болмайтын, ауқымды азаматтық қозғалысқа айналып барады. Бұл — бойкоттан да биік дүние, яғни намыстың жаңғыруы. Біз өз елімізде өгей ұлт болып өмір сүре алмаймыз. Қазақ тілін менсінбеу қазақ халқын менсінбеумен тең. Қазақты кемсітуге енді жол жоқ! Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан асты, ал мемлекеттік тіл әлі де мемлекеттік мекемелерде емес, халықтың ғана жүрегінде өмір сүріп келеді. Бірақ енді бұлай жалғаспайды. Халықтың шыдамы шегіне жетті. Қазақ тілін менсінбеген әрбір мекеме, әрбір компания, әрбір қызмет көрсету орны жауапқа тартылуы тиіс. Біз тұтынушымыз. Бірақ біз ұлтпыз. Осы елдің иесіміз. Біз өз елімізде өз тілімізде қызмет сұрауға міндетті емеспіз, құқылымыз. Тіл үшін күрес – әділет үшін күрес. Бүгін «Magnum», ертең басқа компаниялар… Бәрі бір нәрсені түсінуі керек: қазақ тіліне орын жоқ жерде, бизнеске де орын жоқ. Қазақ тілін менсінбегенге бір тиыныңды да берме, қазағым! Бүгінгі

Читать далее

МАГНУМҒА БАЙКОТ ЖАРИЯЛАҒАН ХАЛЫҚ һәм ышқынған қазақтың ысқырған талап-тілегі қалғып отырған Үкіметті оятса игі

«Жүре берсең көре бересің» деген рас екен. Тәуелсіз елде тұрып жатсақ та не көрмей жатырмыз? Сөйте тұра бәріне көнген «батырмыз».  Сөйлеп кетсек ағыл-тегіл ақынбыз. Ей, қазағым, батырлығың, ақындығың не керек, тілден егер кетіп жатса хақымыз. Басқа – басқа, кез келген біреуге, жеріңде алшаң басқан «тіреуге»,  «Қазақша сөйле» деп талап етуге де қайран қазақ шамаң жоқ. Шамаң болса да, амалың жоқ. Амалың болса да, тірек қылар қамалың жоқ. Себебі заңға бойсұнасың? Бойсұнбасаң бірдеңеге ұрынасың. Сондықтан да тоты құстай түрленесің, бүйте берсең қашан жапырағыңды жайып гүлденесің? Қашан ана тіліңді ардақтайсың, ана тіліңді ардақтағаныңмен, билік басынан нан таппайсың! Міне, бұл – қасірет! Күні кеше әлеуметтік желіде Magnum желісінің курьерінің жұмыстан қуылуы қызу талқыға түсті. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» емес,  даудың басы курьер жігіттің қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған. Ал кейін компания басшылығы оны жұмыстан шеттеткен. Бұдан асқан қорлық болмас, қазақ баласы! Ол бейшараның бар жазығы тұтынушыға «қазақша айт» дегені. Райыңнан қайт дегені.  Ең сорақысы екеуі де қазақ. Екеуі де әлемге болды мазақ.  Бұған шыдамаған халық  «Магнумға» байкот жариялап жатыр. «Байкотты қолдайық бәріміз, өз ана тіліміз бірінші орында болу керек» деп жатқан қазақтардың қарасы көп. Шүкір, тәуба! Иә, қолдауға тұрарлық талап. Ышқынған қазақтың ысқырған талап-тілегі қалғып отырған Үкіметті оятса игі. Ондағы ұнжырғасы түскен, ана тілінен безген қазақтарды шошытса игі. Олардың бойларындағы, ойларындағы ұлттық рухтары түнде көздеріне елестеп, қорқытса игі. Еліміздегі тілінен мақұрым қазақтарды осы байкот толқытса игі. Қазақ тілін менсінбейтін бизнес өкілдеріне Қазақстанда орын жоқ. Осыны билік те түсінуге тиіс! Қазақстан бай саудагерлер мен көпестерге сауын сиыр емес! Қазақтың даласына келген әр адам, оның тілі мен діліне  құрмет көрсетуі керек! Әйтпесе мәселе ушыға бермек. Ушығып кетсе, ешкім де бере алмайды билікке көмек. Қазақ жұртының ақшасын адал, тілін харам деп танитын «Magnum» секілді сауда дүкендеріне намысы

Читать далее

Моңғолияны мойындатқан қазақ келіні

Шайзада Әбдірахманқызының Қобда еліне келін болып түскеніне 45 жылдың жүзі бопты. Уақыт-ай деші… кеше ғана желегі желбіреп 22 жасында алыс

Читать далее