МАГНУМҒА БАЙКОТ ЖАРИЯЛАҒАН ХАЛЫҚ һәм ышқынған қазақтың ысқырған талап-тілегі қалғып отырған Үкіметті оятса игі

«Жүре берсең көре бересің» деген рас екен. Тәуелсіз елде тұрып жатсақ та не көрмей жатырмыз? Сөйте тұра бәріне көнген «батырмыз».  Сөйлеп кетсек ағыл-тегіл ақынбыз. Ей, қазағым, батырлығың, ақындығың не керек, тілден егер кетіп жатса хақымыз. Басқа – басқа, кез келген біреуге, жеріңде алшаң басқан «тіреуге»,  «Қазақша сөйле» деп талап етуге де қайран қазақ шамаң жоқ. Шамаң болса да, амалың жоқ. Амалың болса да, тірек қылар қамалың жоқ. Себебі заңға бойсұнасың? Бойсұнбасаң бірдеңеге ұрынасың. Сондықтан да тоты құстай түрленесің, бүйте берсең қашан жапырағыңды жайып гүлденесің? Қашан ана тіліңді ардақтайсың, ана тіліңді ардақтағаныңмен, билік басынан нан таппайсың! Міне, бұл – қасірет! Күні кеше әлеуметтік желіде Magnum желісінің курьерінің жұмыстан қуылуы қызу талқыға түсті. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» емес,  даудың басы курьер жігіттің қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған. Ал кейін компания басшылығы оны жұмыстан шеттеткен. Бұдан асқан қорлық болмас, қазақ баласы! Ол бейшараның бар жазығы тұтынушыға «қазақша айт» дегені. Райыңнан қайт дегені.  Ең сорақысы екеуі де қазақ. Екеуі де әлемге болды мазақ.  Бұған шыдамаған халық  «Магнумға» байкот жариялап жатыр. «Байкотты қолдайық бәріміз, өз ана тіліміз бірінші орында болу керек» деп жатқан қазақтардың қарасы көп. Шүкір, тәуба! Иә, қолдауға тұрарлық талап. Ышқынған қазақтың ысқырған талап-тілегі қалғып отырған Үкіметті оятса игі. Ондағы ұнжырғасы түскен, ана тілінен безген қазақтарды шошытса игі. Олардың бойларындағы, ойларындағы ұлттық рухтары түнде көздеріне елестеп, қорқытса игі. Еліміздегі тілінен мақұрым қазақтарды осы байкот толқытса игі. Қазақ тілін менсінбейтін бизнес өкілдеріне Қазақстанда орын жоқ. Осыны билік те түсінуге тиіс! Қазақстан бай саудагерлер мен көпестерге сауын сиыр емес! Қазақтың даласына келген әр адам, оның тілі мен діліне  құрмет көрсетуі керек! Әйтпесе мәселе ушыға бермек. Ушығып кетсе, ешкім де бере алмайды билікке көмек. Қазақ жұртының ақшасын адал, тілін харам деп танитын «Magnum» секілді сауда дүкендеріне намысы

Читать далее

Моңғолияны мойындатқан қазақ келіні

Шайзада Әбдірахманқызының Қобда еліне келін болып түскеніне 45 жылдың жүзі бопты. Уақыт-ай деші… кеше ғана желегі желбіреп 22 жасында алыс

Читать далее

«Память Победы: Единство поколений и народов»: Международная конференция прошла в Алматы

В Алматы, в Доме дружбы в рамках мероприятий празднования 80-летия Победы состоялась казахстанско-российская конференция «Память Победы: Единство поколений и народов».

Читать далее

Пайызсыз үй, тегін таңғы ас және қайырымдылық «UILI BOLAIYQ»

2024 жылы елімізде «UILI BOLAIYQ» қайырымдылық қоры ашылды. Қор қарапайым халыққа үйлі болуға көмек береді. Сонымен қатар жиі қайырымдылық акцияларын

Читать далее

Орындалған әке арманы

Отбасымыздың  кіші Отаны –  Есіл ауданындағы Тілеп, қазіргі Мәдениет ауылы. Ол – ауылшаруашылығының барлық саласымен айналысқан Ульянов кеңшарының бір бөлімшесі

Читать далее

Орта Азияның 3 елі мәңгілік достарға айналды

Орталық Азиядағы түйіні тарқамай тұрған бір мәселе Қырғыз-Тәжік шекарасындағы даулы нүктелер туралы екі мемлекеттің басшылары нақты шешім қабылдағаны естеріңізде болар.

Читать далее

Түркиядағы толқу толастамай тұр

Ыстамбұл қаласы әкімі Экрем Имамоғлының тұтқындалуынан кейін басталған халықтық толқулар әлі толастамай тұр. 30 наурыз күні Республикалық халық партиясы Ыстамбұлдағы

Читать далее