БIР САБАҚ ГҮЛ

Бiр сабақ гүл – Ай бетiнде биiкте,
Сол гүл барда – Ай ажарлы, түн жарық!
Менiң жаным – алтын мүйiз киiкте,
Ал киiгiм, мұң жамылған – бiр ғаріп…

Бiр сабақ гүл — сары түстi – Сағыныш,
Ой – дария… Кеудем – теңiз толқынды.
Құстар үнi, теңiзiмде сабылыс,
Көптiң шуы толтыра ма олқымды?!

Бiр сабақ гүл – алып койған еркiмдi,
Кеш тыңдаған, таусылмайтын ертегiм.
Дауасы жоқ гүлден жұққан дертiмдi,
Қалай жазам, не болады ертеңiм?..

Бiр сабақ гүл – азабым да, мұңым да,
Ай арманға қол созамын жетем деп.
Менiң гүлiм – жүрегiмде, жырымда,
Қалса екен сағыныш боп мекендеп…
Бір сабақ гүл!

Ербол Бейілхан 

Elana.kz