БӘСІ БИІК БӘЙГЕ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Байқадам ауылдық округіндегі атшабарда ат тұяғын дүбірлеткен кең көлемді «Құнан» және «Аламан» бәйге жарысынан Сарысу ауданы әкімінің кубогі өткізілді.
🔰Тұлпарларды танытқан бәйгеге Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының шабандоздары қатысты. Бәйгенің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі.
🔰«Құнан бәйге» жарысына 16 тай қатысып, 9 шақырымда бақтарын сынаса, «Аламан бәйге» жарысына да 16 тай қатысып, 18 шақырымды бағындырды.
🔰Шын жүйріктер сыналған сайыс қорытындысы бойынша «Құнан» бәйгесінде 1-ші орынды Шымкент қаласынан Бейсенбай Серік , 2-ші орынды Жаңаталап ауылынан Сұлтанбек Әуесбек, 3-ші орынды Жайылма ауылынан Каримжан Нұрман, 4- ші орынды тағы жайылмалық Мұстафаев Дархан және 5 — ші орынды Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылынан келген Ақылов Дәурен иеленсе, Аламан бәйгеден 1-ші орын Ермекбаевтар әулеті Т.Рысқұлов ауданы, Жалпақсаз ауылы, 2-ші орын Нұрсейітов Айтжан Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 3-ші орын Бейсенбай Серік Шымкент қаласы, 4 — ші орын Мырзақұл Дінмұхаммед Талас ауданы, Аққұм ауылы және 5 — ші орын Сейдуақұлов Сәбитжан Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылының шабандоздары жеңіске жетті.
🔰Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, арнайы кубок, медальдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай- ақ, жүзден жүйрік шыққан шабандоздарға «Сарысу ауданы әкімінің кубогі — 2025» аттың жабындысын тапсырды.