Атаулы әлеуметтік көмекпен 66987 адамды қамту жоспарлануда

Басқарманың сан тараулы бағыттары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қолжетімдікті арттыру, жобаларды халық игілігіне жарату. 2022-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы 12 млрд. 684,4 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 8 млрд. 440,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 4 млрд. 243,5 млн. теңге қаралды.

2022 жылдың 1 тамызына дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 35245 адам тартылды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 18234 адам, онлайн оқытуға 823 адам, алғашқы жұмыс орындарына 94 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1114 адам, жастар тәжірибесіне 1123 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 7302 жұмыссыз жөнелтілді. Есепті мерзімде 28000 адам жұмысқа орналастырылса, оның 18234 тұрақты жұмысқа қабылданды.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 201 млн. теңге қаралып, 1241 адам оқуға жоспарланса, бүгінгі күнге 662 адам оқытуға жолданды.
Ал жоба аясында әлеуметтік 1030 жұмыс орындарына 295,2 млн. теңге бөлінсе, есепті кезеңде 1114 адам жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне қаралған 1634,2 млн. теңге 1524 азаматты қамтиды. Есепті кезеңде 1123 түлек дипломы арқылы жұмыс істеуде.

Тұрғындардың тұрмыстық деңгейіне қолдау көрсету мақсатында қолға алынған ақылы қоғамдық жұмысқа 7627 адамды тарту жоспарға енгізілсе, бүгінде қоғамдық жұмыстарға 7302 адам жолданды. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы есепті мерзімге 94 адам (жоспар – 124 адам), «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 5 адам (жоспар 29), «Күміс жас» жобасына 128 адам (жоспар 249) жолдама алды.Есептік мерзімде жұмыс күші тапшы аймақтардың ішінде өңірімізге 88 отбасындағы 332 адам қоныс аударды, оның ішінде 158 адам жұмысқа қабілетті жастағылар болып табылып, оның 102-сі тұрақты жұмыс орындарымен қамтылып отыр. Ал 40 адам 14-28 жас аралығындағы жастар болып табылады.

Мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі 165 бала балабақша және мектеп орындарына баруда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың І тоқсаны бойынша 5,1 пайызды құрады.
Үстіміздегі жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 66987 адамды қамту жоспарланып, 4,9 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның 3 млрд. 916,3 млн. теңгесі республикалық қазынадан, 1 млрд. 16,0. млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекке 9656 отбасы қайырылса, оның 1618 отбасына тағайындалмады. Қалған 8038 отбасындағы 42124 адамға 2 млрд. 110,9 млн. теңге тағайындалып, 7593 отбасындағы 39605 адамға 1 млрд. 819,6 млн. теңге төленді. 6175 отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалынған. Жалпы еңбекке қабілетті 10791 адам, оның ішінде ресми жұмыссыздар саны – 317, тәуелсіз жұмыскерлер 45, жүгіну кезінде жұмысы бар екендігі анықталғандар 6476, бала, 1,2 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, қарттардың күтімінде отырғандар 3953 адамды құрайды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1398 адам тартылып отыр, тұрақты жұмыс орындарына 1009 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 255 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 85, қысқа мерзімді курстарға 42 адам, жастар тәжірибесіне 4 адам, жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш есебінде 3 адам қайтарымсыз грант алды. Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлесі жылдық жоспарда 77,6 пайыз болса, бүгінде орындалуы 72,9 пайызды құрап отыр, жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш толық орындалады.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16347 баланы қамтуға республикалық және облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бұл көрсеткіш қаңтар-шілде айларында кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 11720 баланы қамтымақ.

Бүгінде облысымызда 46058 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1 топтағылар 4237 адам, 2 топтағылар 17408, 3 топтағылар 17630 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6783 адам. Мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдармен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 297,3 млн. теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 11215 мүгедектігі бар адам тиісті құрылғылармен қамтамасыз етілуде. Қажеттіліктер қатарында сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, протез-ортопедиялық, компенсаторлық құралдар, кресло-арбалар және санторлы-курорттық емделу бар.

Сонымен қатар Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1,5 млрд. теңгеге 9300 мүгедектігі бар адам гигиеналық құралдармен, ымдау тілінің маманының қызметі, жеке көмекшінің қызметі, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. Есепті мерзімге 6891 мүгедектігі бар адам 14376 техникалық оңалту құралдарымен және 6514 мүгедектігі бар оңалту қызметтерімен қамтылып, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 586,4 млн. теңге қаржы жұмсалып отыр. Ағымдағы жылдың 1 тамызына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында орындалуы 76,2 пайызды құрап отыр (жылдық жоспар – 85 пайыз). Порталда 18875 өтініш тіркеліп, 14376 өтініш қанағаттандырылды.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша 2022 жылдың соңында стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40 пайызды құрауға тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1294 нысанды, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған.

Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күнге 116 нысан бейімделуден өтіп, жұмыстар толығымен аяқталды. Ал бейімдеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, 175 нысанға 165,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 104,7 млн. теңге қаржы толығымен игеріліп отыр. Сонымен қатар 59 нысанға 60,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Бейімдеу жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталатын болады.

Облыс көлемінде 18 медициналық-әлеуметтік мекемеде 1504 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Атап айтсақ, 7 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 1083 қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, 9 жартылай стационар жағдайындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталықтарында жыл басынан 277 мүгедекті бар адамға және 2 тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге жыл басынан 144 адамға қызметтер ұсынылды.

Соңғы жылдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында бұл қызметтерді ұсынатын мекемелердің желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, облысымыздың жеті ауданында мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталықтары (жалпы сыйымдылығы 186 орын) және Талас ауданы Ақкөл ауылында 200 орындық жүйке ауруына шалдыққан мүгедектерге арналған стационар орталығы ашылды. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан ашылған 5 күндіз болу жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталықтары өз қызметтерін ұсынуда.

Облыс көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөнінде облыс әкімінің және Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің барлығында мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілері тағайындалған. 2022 жылы облыс көлемінде 19 үкіметтік емес ұйымдар тарапынан 27 әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Жобалар аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жартылай стационар жағдайының күндіз болу бөлімшелерінде және үйде қызмет көрсету жағдайында 1553 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттер есебінен 409,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ, қашықтықтан оқыту арқылы жұмыспен қамту, бас бостандығынан айырылу мекемелерінен босап келген азаматтарға, адам саудасы құрбандарына, қандастарға, аутизм диагнозды балаларға, онкологиялық ауруға шалдыққан ауруларға «Хоспис» қызметтері және басқа да арнаулы әлеуметтік қызметтер берілуде.
Аталған жобалар арқылы 224 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар саны 67-ні құрайды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 2400 жүйкеауруменауыратын,кресло-арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған жандарға және психоневрологиялық паталогиясы бар мүгедек балаларға және көру қабілеті нашар (зағип) мүгедектерге Тараз қаласы мен аудандарда 14 инватакси қызметінің 26 арнайы жабдықталған көліктері қызмет көрсетуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 169,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2 жаңа арнайы жабдықталған инватакси автокөліктері «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне сатып алынды.

Облыс орталығы Тараз қаласында және Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында мүгедектігі бар балаларға арналған иппотерапия қызметтері ашылып, 100-ден аса балаға қызметтер көрсетілуде. Сонымен қатар, Тараз қаласында демеушілер есебінен иппотерапияға арналған жабық манеждің құрылысы жүргізілуде және Шу ауданы Төле би ауылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында иппотерапия қызметін көрсету жоспарлынып отыр.

Алда білек сыбана крісетін жұмыстар көп. Қаржыны тиімді игеру арқылы азаматтарды қоғамға бейімдеу, қолжетімділікті жасау, әр азаматтың қажеттіліктерін өтеу бойынша екпінді жұмыстар жүргізетін боламыз.

Еркін КЕЛЕСОВ, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.