Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті

Ақпараттық хабарлама

2020 жылғы 16 маусым Алматы қаласы

 

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 02.06.2020 ж. № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 15 маусымдағы N 40 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.

Қаладағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

Осыған байланысты Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттік қызметті алуға байланысты қиындықтар мен мәселелер туындаған жағдайда 1414 бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлық телефондардан жүгіне аласыздар. Қоңырау шалу тегін.

Айта кету керек, кеше қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин базарлар, ХҚКО жұмысының уақыты өзгеретінін айтқан болатын.

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АКТ ЖАЗБАЛАРЫН ТЕКСЕРУ

 

 

Бізге көп азаматтар олардың кейбір деректері немесе олардың балаларының деректері, әсіресе 2008 жылға дейінгі тіркелген (бала туу, неке қию және т.б.) мәліметтер базасында неге көрсетілмеген деген сұрақтарды жиі жазады. Әділет министрлігі ақпараттық деректер базасына енгізілмеген барлық акт жазбаларын цифрлау жұмыстарын жүргізді.

Бүгін біз азаматтарға РАГС АЖ-ның барлық 7 оқиғасы бойынша (оның ішінде 2008 жылға дейін жасалған) мұрағаттық акт жазбаларының өзектілігін өз бетінше тексеруге мүмкіндік беретін сервис туралы айтамыз.

Егер сіз некені тіркеу, туу, өлім, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты қызметтердің электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз не істеу керектігін білесіз бе? Ол үшін, алдымен Egov.kz порталына кіріп, келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Порталдың басты бетіндегі сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметін» табыңыз

2. Ашылған терезеден акт жазбасының түрін таңдау қажет

3. Өтініш беру санатын толтырыңыз да «Іздеу» әрекетін басыңыз

4. Егер көрсетілген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректерді толық толтырып шығыңыз

5. Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етілген мәліметтерді толтырып шығыңыз

6. «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшірмесін жүктеңіз

7. Өтінішті ЭЦҚ немесе бір жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.

Сұрау салған қызет бойынша жауап 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.