ЖАМБЫЛДА КӨШІ-ҚОН ЗАҢЫН КӨБІНЕ ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТТАРЫ БҰЗАДЫ
Жамбыл облысына жыл басынан бері 12 269 мың шетелдік келіп, уақытша тіркелген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі — шетелдіктердің көпшілігі бізде тиісті рұқсатсыз қызметпен шұғылданады. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, заңсыз еңбек көші-қон проблемасын тек әкімшілік әдістермен шешу мүмкін емес. Көбіне көші-қон заңнамасын Өзбекстан Республикасының азаматтары бұзады.




«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 463 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Заңнаманы бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тартқаны үшін 42 хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3 947 669 теңгені құрайды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды», — деді спикер.


Өңірлік коммуникациялар қызметі