КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА МАҢҒЫСТАУ АУМАҒЫНДА ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?

Бұл сұраққа қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев жауап берді.

  1. Жедел жәрдем, полиция, авариялық-құтқару және өзге де коммуналдық (жылу, газбен қамту, су және энергиямен жабдықтау, тазалық, қоқыс жинау) қызметтердің, интернет байланысы мекемелерінің көліктеріне;
  2. Стратегиялық нысандардың көліктеріне;
  3. Сауда нүктелеріне азық-түлік және тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жеткізуші, дәріханаларға дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды тасымалдаушыарнайы жасақталған көліктерге(рұқсат қағазы болуы қажет);
  4. Карантин режимін қамтамасыз етуші мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай қызметтерінің, арнайы органдар мен әскери ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасының қызметтік көліктеріне(мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);
  5. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, журналистерге (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);
  6. КСК қызметінің көліктеріне (саны 15-тен көп емес, арнайы әкімдіктің тізім бойынша);
  7. Эвакуатор және почта қызметінің көліктеріне (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);
  8. Күзет агенттіктерінің арнайы көліктері;
  9. Өнеркәсіптік жүк тасымалдаушы көліктер мен құрылыс материалдарын тасушы көліктерге (кедергісіз қозғалу);
  10. Ресми тіркелген такси қызметіне(сағ. 06:00 – 21:00 аралығында)

 

 

(Рұқсат етілген ресми таксилер туралы ақпарат пен тел нөмірлерін қала, аудан әкімдіктерінен алуға болады. Әлеуметтік желілердегі есми парақшаларынан да оқып, таныса аласыздар).

 

ЕСКЕРТУ:

  • Басқа жағдайларда облыс тұрғындарына жеке және қызметтік көліктерімен сағат 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында ғана жүруге рұқсат етіледі;
  • Жұмыс істейтіндер өздерімен бірге жеке куәлігін, көлік құжаттарын және облыстық әкімдік ұсынған үлгі бойынша жұмыс орнынан берілген анықтаманы алып жүруі тиіс;
  • Ал, үйде отырған тұрғындар жеке көлігімен шыққанда жеке куәлігі мен көліктің құжаттарын ұмытпауы тиіс;
  • Маңғыстау облысында қоғамдық көліктердің (автобустардың) қозғалысы тоқтатылды;
  • Тек қана Мұнайлы ауданынан Ақтауға қатынайтын қоғамдық көліктерге 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында ғана жүруге рұқсат берілді.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ

КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ