Міне елдігімізде осындайда..! Ұлттық кеңес мүшелері Қордайда болып зерделеп өз ойларын ортаға салды

Ұлттық Кеңестің мүшелері ретінде Қордай ауданы, Қаракемерде өзіміздің ақсақалдармен кезіктік. Әңгіме ашық, бүкпесіз түрде өрбіді.
Ақсақалдар бізді ақжарқын мінезбен қарсы алды. Дегенмен, бұл жақтың проблемасы жөнінде жан- жақты және терең ақпарат берді.
Асыл ағаларымыздың айтқаны біздің  топшылап, сараптауымызбен, негізінде, сәйкестеніп жатты.


Рет-ретімен жеткізуге тырысайын.
1) Бұл проблема, Кеңес заманынан мұра болып қалған мәселе. Сол кезде дұнған ағайын қазақ тіліне қырын қараған, елдік сезінуі басқа болған.
2) Сонымен бірге, бұл мәселе,  жергілікті жерде әлеуметтік әділеттіліктің тапшылығы, хұқық қорғау орындарының салғырттығы арқасында үрленіп келген. Негізінде, біздің Ақсақалдар өте парасатты, тұғыры биік,  осындай күрделі жағдайдың өзінде өздерінің көршілерін жамандыққа қыймайды.»Олардың ішінде де дұрыстары көп» деген пікір айтты.
3) Ұсақ- түйек кикілжің ондаған жылға созылған, Қырғыз ағайынмен таможня бекетінде  басқа ұлт «очередьсіз» өтуді әдетке айналдырған, екі жақта кикілжің болғанда хұқық қорғау орындары аракідік көршілерге бүйрегі бұрып тұрған.
4) Еліміздің заңдарын орындау баршамызға бірдей болу керек, патриотизм негізгі қағидат. Қаракемер ақсақалдарының сұрап отырғаны осы мәселе.
5) Менің ойымша, аудандық деңгейде хұқық қорғау орындарымен ұйымдасқан топтар арасында ымыра пайда болған. Көп ( төбелес, көрші ауылдың қоқан- лоқысы) мәселеге көз жұмып келген
4) Жастарда мемлекеттік өзін- өзі сезінуі тапшы. Диаспора айналадағы қоғамға жабық, ішінде не болып жатқаны белгісіз. Айта кетерлік, осы мәселені дұнған жағы да ішін- ара растап отыр. Дұнған ақсақалдары осынау проблемаларды жоюға еңбек етуге дайын екендігін жеткізді.Масанчида  бір қазақ тіліндегі мектеп бар, онда 700- бала оқиды. Қалған екі мектепті (бірінші қадам ретінде) араласқа, яғни қазақ- орыс мектебіне көшіру жөнінде, дұнған ақсақалдардың өздері, мәселе көтеріп отыр.
5) Сонымен бірге, «Серпін» бағдарламасымен, дұнған балаларды солтүстікке оқуға жіберу жөніндегі ұсынысты олар екі қолмен қолдады.
6) Масанчи ауылының әйелдер кеңесінің мүшелері қазақ тілін үйренудің шапшаң курстарын әкелуге көмек жасауды өтінді.
Ол кісілер «орта жастағы тұрғындарға мемлекеттік тілді үйретуді өзіміздің қолымызға аламыз» деп отыр.
7) Масанчиде халық көп, сондықтан, амбулатория бар, ал Қаракемерде амбулатория жоқ. Менің ойымша, ойланатын жәй. Бүгін мәселеге формализм тұрғысынан қарауға болмас.
8) Көрші қырғыз ағайынмен сауда- саттық та монополияға айналған тәрізді. Таможня мен салық мәселерін де мемлекеттік тұрғыдан зерттеген жөн.
9) Ең негізгісі, жастарға жұмыс тауып беру керек. Ауыл жастарына сапалы жұмыс проблемасын шешу өте өзекті. Адресті түрде жер телімін ұйымдастыру, ұсақ бизнес жасаудың курстарын ашу, үстемесі төмен кредит беру, ауылда қызмет көрсету саласын дамытыға көмектесу керек.
10) Осы орайда, мемлекетке бәрін жүктеп қоймай, қаны қазақ бизнесмендердің Қаракемерліктерге қол ұшын берсе, ұлттық бірліктің артуына себеп болар еді.
11) «Атамекен» қауымдастығы, қазақ іскер топтар, Қаракемерді «шефтікке» алса, нақты, ауыз толтырар іс болары анық.
12) Экономикалық- әлеуметтік әлеуетті көтеру басты мәселе.
13) Хұқық қорғау саласына көңіл бөлу керек. Жергілікті, қара қылды қақ жаратын, әділетті адамдар осы салада істеуге жағдай жасау керек. Адамдар полицияға сенуден қалған.
14) Демография мәселесін күшейтіп, осы жерде жанұялық құндылықтарды дәріптеу керек. Бізге, демографиялық бәсекелестікке төтеп- берудің моделі керек.
Жалпы, Ақсақалдар еліміздің бірлігі, ықпалдастығы арта түсетіндігіне сенімі мол.
Екі халық та, күрделі жағдайды оңтайлы түрде, бейбіт шеше отырып, Қазақстанның мүддесі тұрғысынан шешуіне,Конституция аясында өмір сүру басты аспект екендігін түсініп отыр.
Мемлекеттік тілді дамыту, осы мәселені дұрыс шешудің басты кілті.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіздігіміз арта берсін!

Ерлан Саировтың фб парақшасынан