Шарын таңғажайыбын қорғау — біздің мүддеміз

Шарын МҰТП қазіргі заңдылықтарға сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетіне қарайды. Оның республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекемелік мәртебесі бар.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (93 150 га жері бар) осыдан он екі жыл бұрын (әрі қарай — ШМҰТП) Алматы облысында экологиялық, тарихи-ғылыми, эстетикалық табиғат байлығын қалпына келтіру  және сақтау мақсатымен ұйымдастырылған. 2009 жылы парк аумағы кеңейтіліп, мемлекеттік жер қоры, қорғаныс қажеттілігіне қарасты жерден 32900 га  жер қосылды, қазір жалпы аумағы 127 050 га. Парктің әкімшілікшаруашылыққа қатынасты аумағы Алматы облысының Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр аудандарында Шонжы селосынан батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан  шығысқа қарай 200 шақырым қашықтықта орналасқан.

Шарын МҰТП құрамына республикалық маңызы бар Табиғат ескерткіші 5014 га жерді алып жатқан Шарын ерен тоғайы кіреді. Ескерткіш полегеон дәуірінің соғды ерені өсетін су жайылмалары  орманын қорғау үшін ұйымдастырылған. Ол Сарытоғай шатқалының Шарын өзеніндегі қоймасында орналасқан. Ереннен басқа бұл жерде сирек кездесетін басқа да өсімдіктер дүниесі (ауған терегі, әртүрлі жапырақты терек, іле ұшқаты, семенов үйеңкесі, жоңғар реомюриясы, іле сексеуілі т.б.), сонымен қатар сирек кездесетін жануарлар дүниесі (қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, жұртшы, ортаазиялық бақа, шұбар батбат кесіртке) кездеседі. Орманды қорғау режимі бекітілген, ұйымдастырылмаған туристердің келуі шектелген. Тоғай ішінде ағаш кесуге, мал жаюға  тыйым салынған.

Біздің ең басты байлығымыз орман болғандықтан, жауымыз — өрт. Орманда болатын өртке жол бермеу — парк жұмысының басым бағыты. Минералданған белдеулер құру және оны күту, халық және орманға келушілер арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, өртке қарсы насихат — аншлаг және панно тұрғызу, үздіксіз радиобайланысқа шығу, аумақтағы күнделікті қарауыл, өрт қауіптілігі жоғары мерзімде адамдардың келуін шектеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік инспекторлар міндеті де оңай емес. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сақталу тәртібін қадағалау және сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында рейдтер жиі ұйымдастырылса да, қазіргі браконьерлер жүрдек автокөліктермен, соңғы үлгідегі қарумен қаруланған.

Б.Абдуллаев,

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

 директорының орынбасары