Курортты аймақтың қәуіпсіздік әлеуеті артты

Қазақстан Республикасының  полициясы күні Ақмола облысының Бурабай ауданында бірнеше мерекелік шаралар өтті. Шараның алғашқысы болып Щучинск қаласындағы Бурабай аудандық ІІБ жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы рәсімі болды.. Салтанатты шараға облыс әкімі М.Мырзалин,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменовтер  қатысты. Лауазым иелері құттықтау сөз сөйлеп, қәуіпсіздік сақшыларына қызметіне адал болуды тапсырды. Облыс әкімі М.К.Мырзалин: — Щучинск-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін қонақтар, шет елдік туристердің қәуіпсіздігін қамтамасыз етіп, туристер   жайлы әрі қауіпсіз сезінуіне  жағдай жасап,құқығын қорғайтын  ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жауапкершілігі, арқалар жүгі ауыр, сол үшін әлеуметтік және қызметтік әлеуетті қамсыздандыру орынды. Сондықтан сіздерге жайлы жағдай жасау үшін қызмет орыны, жайлы пәтер, жүйрік жаңа көлікпен қанымдау біздің міндетіміз. Бүгін сол міндетіміздің біршамасын орындағалы тұрмыз.

Қабыл алып, қызметтеріңізді аброймен адал атқаруларыңызды тілеймін деді. Келесіде  сөз алған генерал майор Жанат Сүлейменов, Елбасымыз бен Үкіметтің қолдауы нәтижесінде ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Курортты аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жаңа əкімшілік ғимаратының  пайдалануға берілуі, соның дәлелі деп, атады.  Жаңа салынған  үш қабатты ғимаратында көші-қон қызметі, дербес бөлімдер, кезекші бөлімі мен уақытша ұстау изоляторы орналасқан. Жаңа ғимарат қазіргі заманның барлық талаптарына сәйкес жабдықталған. Мұнда аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыстық істерді тергеу және қылмыспен күрес бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалған. Шара үстінде  полицейлерге  қызметтік 20 автокөліктің,  құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған 100 пәтердің  кілтін облыс әкімшілігі атынан әкім М.Мырзалин иелеріне табыстады.  Баяндай кетсек,  соңғы 10 жылда  облыс бойынша 230 полиция қызметкері мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болыпты. Осы күні «Жақсы» спорт кещенінде  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоян-қолтық ұрыс спортынан ел  чемпионаты жалауын көтерді. Оған әкім М.Мырзалин және ІІМ бірінші орынбасары Ж.Сүлейменов бастаған лауазым иелері қатысып, бәсекенің бастауымен құттықтады.

Әкімі М.Мырзалин сапары соңында  Бурабай кентінде жаңа ашылған салт атты сарбаздар взводының тыныс тіршілігімен танысты. Взводсарбаздарына арналған  әкімшілік, сарбаздар казармасы және ат баптайытын үл атқора жаңадан салыныпты. мен  Бұл жаңа бастама, таулы, ну орманды , қыс қалың қарлы өңірде, салт атпен жүріп, қауіпсіздікті бақылау тиімді болған соң, жаңадан осылай жаңа қызмет орны ашылған екен. Шыныменде жылдың төрт мезгілінде, дем алушылардан үзілмейтін Бурабай өңірінің қәуіпсіздігінің мығым болуы өте маңызды. Әсіресе, жжазғы маусымда туристер шоғыры ұлғайып, табиғатты тамашалағандар тау шатқалдарына аралап, кейде адасып кету, келеңсіздік жағдайға ұшырап қалуыда мүмкін.  Осындай қажеттілік туындаған және күнделікті қәуіпсіздікті қадағалауда, салт атты сарбаздар жедел көмекке ұмтылуыға ыңғайлы сияқты. Жалпы курорты аймақтың қәуіпсіздік әлеуеті артып жатқаны, дем алушылар, шеттен келген туристердің алаңдамай дем алуына кепіл болады, деген, сенім мол.

                                                                                     Дахан Шөкшир