Еліміздің жүрегі, халқымыздың мерейі – Астана!
6 шілде — бұл Астана күні. Шын мәнісінде мен бұл атаулы күнмен шын жүректен барша отандастарымды құттықтаймын! Елодармыз Астанаға биыл — 20 жыл. Бұл Елбасымыздың ерен ерлігінен,қазақтың асқаралы арманымен ұштасқан, орындалған ұлы мақсаты .
Мен өзім асқақ арман қала Астанада бірнеше мәрте болдым. Әр барған сайын Астана гүлденіп, көркейіп жапырағын тереңге жайған бәйтеректей өсіп келеді. Әсіресе Тәуелсіздік сарайы мен «Мәңгілік Ел» монументтері жанында өткенде өзімді ерекше сезім кернейді. Өйткені ата — баба аңсаған тәуелсіздікті берекелі бесігін әсем әуенмен тербеткен ұрпағы көрді, болашағы жарқын Мәңгілік елдің ерен ерлігін есі жиған құлыншағы сезінді. Мұның өзі көкіректе көл болған арманға зор септігін тигізер ғанибет болғаны аян.
Ұлы Әбіш Кекілбаев тілімен айтсақ: «Астана бүгінгі Қазақ елінің маңдайына біткен бақ жұлдызы іспеттес. Өйткені жұлдыз жыл өткен сайын жарқырап, жайнап мәңгі тұрады» демекші. Менің Астанам да жыл емес сағат сайын жарқырап, жайнап көркейіп келеді. Астана туралы айтып та жазып та келеміз бірақ ол туралы қанша жазсаң да таусылмайтын тақырып, бітпейтін ойлар қаншама десеңізші.
Бұл күн — тарихтың парақтарында алтын әріптермен жазылып, шежіре төрінен шертіп тұрып орын алатыны анық. Туған елдің Туының астында ұйысқан ұлтты біріктіре білген Қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың наркескен қарышты қадамы қашанда өркендей берсін. Бабалар аңсаған біздің басты нышанымыз — тыныштық, тұғырымыз бен тілегіміз -татулық болсын дегім келеді.
Құтты болсын жиырмаңыз.
Ару қала Астанам.
Өзің жайлы жыр да аңыз.
Өлең жазып бастағам.
Бүкіл әлем саған ғана,
Үміт көзбен қарайтындай.
Шат сезімдер бір арнаға.
Еш бүкпесіз тарайтындай.
Астанада басын қосқан.
Жеті жұрттың адамдары.
Құшақ ашқан асыл достан.
Сырын ашпай қала алмады.
Жүйткіп келіп жүрдек уақыт.
Астанада тоғысады.
Оранғандай гүлге бақыт.
Ой – армандар толысады.
Әділдік пен жауыздықтар.
Жүр ғой әлі жағаласып.
Жауыздықты ауыздықтар.
Астана тұр алаң ашық.
Нұр — Астана жасыл желек.
Жаз күлкіні жамылады.
Жаңа заман ғасыр демеп.
Тұр асқақтап шаңырағы.
Тыныштық пен тұрақтылық.
Кемелді істің кемеңгері.
Дүниеге құлақ түріп.
Елден бұрын елеңдеді.
ЭКСПО деп жар салады.
Әлемге бүгін Нұр — Астана.
Қонақтарды қарсы алады.
Көкірегі жыр астана.
Елбасының туындысы.
Мақтанымсың мерейі үстем.
Татулық пен бірлік күші.
Қауышып күлімдескен.
Мәңгілік ел жүлдесімен.
Нұрлы ертеңі шалқып жанып.
Тәуелсіздік мінбесінен.
Сөйлейді ол жарқыл қағып.
Ақ гүлдері бұрқырады.
Көкіректе жыр тұнады..
Бәйтерегі жарқырайды.
Нұр Астана құлпырады.
Аллаберген Қонарбаев.
Маңғыстау аудандық жастар
орталығының басшысы
Маңғыстау ауданы