Ұлттық кітапхана түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейтін болды

Кітап оқу мәдениетін дамыту, отандық әдебиетті қолдау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу — мәдениет саласындағы басым міндеттердің бірі. Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесіп, Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, цифрландыру және креативті индустрияларды дамыту мәселелерін талқылады. Министр жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мәдени мұраны насихаттаудағы, әдебиеттің қолжетімділігін арттырудағы және шығармашылық бастамаларды қолдаудағы маңызын атап өтті.
Нақты шешімдердің бірі — Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жұмыс уақытын түнгі сағат 24:00-ге дейін ұзарту. Бұл студенттер мен жұмыс істейтін азаматтарға кітапхана қызметтерін өздеріне қолайлы уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. Кездесуде жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық мәдениетті заманауи форматта танытуға және әдебиет арқылы қоғамдық құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Біздің Қор отандық авторлар мен әдеби жобаларды қолдау, шығармаларды цифрлық форматта ұсыну және кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау бағытындағы жұмысын жалғастырады.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1KyR26mHE1/