Аудан прокуроры №1 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті

Ауданда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында №1 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізілді. «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы аясындағы жиынға аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков қатысып, заң талаптары, құқықтық жауапкершілік, ата-ана мен ұстазға құрмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.