Серозды менингит ауруы.
Серозды менингит ауруы – бұл бас миы мен жұлынның жұмсақ қабықтарының серозды сипаттағы жедел қабыну процесі.
Жұғу жолдары: ауа- тамшылы (жөтелегенде, түшкіргенде) және фекальді –оралды ( лас қол, жуылмаған жеміс-жидек, ластанған су арқылы).
Негізгі белгілері:
- дене қызуының кенеттен күрт көтерілуі
- қатты бас ауруы
- желке бұлшықеттерінің сіресуі
- құсу, жүрек айну
- Жарыққа қараудың қиындауы
Алдын алу шаралары:
- Жеке гигиенаны сақтау
- Тек қайнатылған немесе таза ауыз суды ішу
- Көкеністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып пайдалану
- Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшысы В.Конеева.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
С.Рыскулбекова.

