Креативті индустрияны дамыту: АХҚО алаңындағы жаңа бастамалар

Креативті индустрияларға инвестиция тарту мақсатында АХҚО алаңында венчурлік студияны тіркеу, отандық өнімдерді шетел нарығына шығаруға бағытталған экспорттық топ құру және цифрлық платформаларды ықпалдастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Осы бағытта «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әкімшілігінің Басқарма төрағасы Бахтияр Тлеубековпен кездесіп, бірлескен жұмыстың нақты тетіктерін талқыладық. Атап айтқанда, инвесторлардың қатысуымен питчингтер ұйымдастыру, келешегі зор шығармашылық бастамаларды іріктеу, инвестициялық ұсыныстар әзірлеу және кәсіпкерлерге қаржылық әрі құқықтық кеңес беру мәселелерін пысықтадық.
Кездесу қорытындысында аталған бастамаларды іске асыру жолдарын айқындап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастырдық. Басты мақсатымыз — қазақстандық креаторлардың тың идеяларын табысты кәсіпке айналдырып, шығармашылық өнімдердің коммерциялық әлеуетін арттыруға жағдай жасау.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1Dzkvx3LqJ/