Зияткерлік қоғам негізі: Елімізде «Кітап оқитын ұлт» марафоны өтуде
Кітап оқу — адамның ой-өрісін кеңейтіп, танымын тереңдететін, шығармашылық қабілетін шыңдайтын игі дәстүр. Әдебиетке қызығушылықтың артуы қоғамның зияткерлік және мәдени дамуына тікелей ықпал етеді. Бүгінде еліміздің 20 өңірін қамтыған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына 1,4 миллионнан астам адам тіркелді. Оқырмандарға отандық және әлем әдебиетінің 345 шығармасы ұсынылды. Креативті индустрияларды дамыту қоры осы марафон аясында жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға кіріседі.
Алдағы уақытта KITAP CLUB оқырман клубтарын, «Автормен кездесу» әдеби жүздесулерін және студенттерге арналған KITAP QUIZ зияткерлік ойындарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. KITAP TALKS пен «Кітаптан креативке» бастамалары аясында әдеби туындыларды бейнероликтер, анимациялар мен комикстер арқылы таныстырамыз. Сондай-ақ еліміздің 20 өңірінен 200 кітап елшісін тартуды көздеп отырмыз. Кітапқа жақын ұрпақтың танымы кең, талғамы биік болады. Осы бағытта шығармашылық қауымдастықпен бірлесіп, жүйелі жұмыс жүргіземіз. Кітап оқуды бірге дәріптейік!
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/Kanalimov/posts/pfbid06mHK3idbLQqa71SikS167yCnPFQaLtGM1WtJLTogJFVjerv7Tjuk4VK6xw6N9bN1l



