«Автормен кездесу» жобасында Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» романы талқыланды

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы халқымыздың тарихын, ұлттық болмысын және адам тағдырын терең суреттеуімен ерекшеленеді. Қаламгердің әр туындысы өткен дәуірдің тынысын танытып, елдік пен бірлік, жауапкефршілік пен адамгершілік туралы ой қозғайды. Жазушының осындай шығармаларының бірі — «Үркер» тарихи романы. Креативті индустрияларды дамыту қоры «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында жүзеге асырып жатқан «Автормен кездесу» жобасының кезекті басқосуында қазақ халқының тарихындағы тағдырлы кезеңдерді көркем бейнелеген Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» романы талқыланды.
Басқосуда Бақтыбай Жайлау мен Әнуарбек Бимағамбет қаламгердің әдеби мұрасы, тарихи оқиғаларды бейнелеу шеберлігі және шығарманың бүгінгі оқырман үшін маңызы туралы пікір алмасты. Осындай жүздесулер арқылы Қор қазақ әдебиетінің құнды мұраларын көпшілікке танытып, оқырмандар мен әдебиет өкілдері арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1Yr3ARV8QR/