Баукештай!

Бектің жазған кітабын оқып шықтым. Әсіресе, «Страх» деген бөлімі. Біресе опасыз, байламсыз, тұрақсыз жан деп жек көресің, біресе жүрегің елжіреп жаның ашиды. «Алла- ай, не деген тасбауыр, жүрегі жоқ адам еді» деп бастығы- на ұрсасың. Оқып отырып, «кешірші» деп айқайлап жібер- гендей боласың. Жылағың да келеді. Ақырында «Мейлі, обал жоқ, опасызға сол керек» деп аяқтап шығасың.
Әй, Бәуке, әрбір бөліміне мен өз білгенімше пікірімді жазайын. Па, шіркіннің білгішін-ай, деп жүрмегін, мен ұялып қаламын.
Олар келіп-кеткенсін, ойлаймын, түсіне алмаймын.
Қанаты жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
Татулық жоқ, бірлік жоқ,
Елім қайтіп күн көрер, деген Асанқайғының айтқанын есіме түсірдім.
Саған осы хатты апарушы кісіден екі-үш адамнан хат барар, ойдағыларын іркіп қалмас, айтар бәрі де. Әсіресе, Есмағамбет жазарым көп дейтін. Жазбаларының тағдырын Бек жазар. Әлжаппар да жазамын деп отыр. Әдебиетшіл адамдар ғой, құлақ құрышыңды қандырар. Менің поштадан жіберген хатымнан мына хат, мүмкін, ерте барар. Онда да бірталай әңгімелер жазылған, түсінерсің. «Бауыржанға он мың сом жібердік» дегенді Бек айтты. Осындай теңге терсектің жәйін айтпаса, көлемді ештеме естімеймін Бектен. Қызықты Есмағамбет айтады.
Өткен айдың жиырма үшінде Силина деген тым тәуір әйелден саған сәлемдеме жіберіп едім, алдың ба? Хабар берсеңші. «Бекер бердім-ау»-ға қалып та жүрмін, хабар болмағансын. Қош, Бәукеш. Сағынып күтуші Жамал ғой.
Батыр қарындасың Мәншүктің мамасы екен, саған хат апарушы кісі.
Сәт Қуантай facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19qKaoV3xA/