Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты

ЕлАна сайты ұжымы Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қайғыра көңіл айтады.

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қаза болған азаматтардың иманы саламат, жандары Жаннатта болсын!

Марқұмдардың артында қалған ата-анасы, туған-туыстары мен барша жақындарына Алла Тағала сабыр мен күш-қуат берсін.

Алла Ұлы Елімізге амандық, халқымызға тыныштық, жұртымызға бейбіт өмір нәсіп етсін! Еліміздің көк байрағы әрдайым бейбіт аспанда желбірей берсін.