Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы
«Байтақ» партиясы бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысын мойындайды.
Бұл – тарихи сайлау. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет азаматтар Жаңа Конституцияға сәйкес партиялық тізімдер негізінде толықтай сайланатын жаңа бір палаталы парламент – Құрылтайдың құрамын тікелей қалыптастырды. Біз осы тарихи үдерістің бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз.
Сайлау науқаны барысында «Байтақ» партиясы еліміздің барлық өңірінде 1500-нан астам іс-шара өткізді. Жүздеген ерікті жұмысқа тартылып, 100 мыңдаған астам үгіт-насихат материалы таратылды. Науқанның ерекше оқиғаларының бірі – Арал теңізінен Астанаға дейінгі өңірлерді қамтыған «Байтақ-Керуен» үгіт-насихат керуені болды. Бұл өңірлер үшін экологиялық мәселелер абстрактілі ұғым емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі.
Біз бұл сайлауға айқын бағдарламамен бардық: әрбір қала мен ауыл үшін таза ауа, таза су және таза жер; ластаушы жауапкершілікті өз мойнына алатын, ал шығынды халыққа жүктемейтін әділетті экономика; лайықты өмір сүру жағдайы, заманауи қалалар және қоғам алдында есеп беретін ашық мемлекет.
Біз құрғақшылық, Жайық пен Балқаштың тартылуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіретін ауамен тыныстап отырған қалалар туралы айттық. Біз бұл мәселелерді көтердік, өйткені экологиялық өлшемсіз елдің ешбір саясаты шын мәнінде тұрақты бола алмайтынына сенеміз.
Алынған нәтиже – атқарылған жұмыстың әділ бағасы. Біз оны ешқандай ескертусіз қабылдаймыз. Мынаны мойындауымыз керек: партия ауқымы, ресурстары және әр өңірдегі сайлаушымен жүйелі жұмыс тереңдігі тұрғысынан мұндай ауқымды сайлау науқанына толық дайын болмады.
Бұл – біз дұрыс қорытынды шығаруға міндетті тәжірибе.
Қазақстандағы экологиялық күн тәртібі алдағы уақытта да өзекті бола береді. Біздің міндетіміз – осы мәселелерді он мыңдаған емес, миллиондаған азаматтың қолдауына ие болатындай етіп жеткізуді үйрену.
Сайлау заң талаптарына қатаң сәйкес өтті деп есептейміз.
Сайлаушылардың қолдауына ие болып, Құрылтайда өкілдік алған барлық партиялардағы әріптестерімізді құттықтаймыз. Алда сіздерді үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Еліміздің игілігі жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Сайлаушының еркі – кез келген демократиялық қоғамның мызғымас негізі. Әрбір азаматтың өз елінің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға құқығы бар. Ал халықтың шынайы еркін білдіретін бейбіт әрі әділ сайлау – демократияның кемелденуінің басты көрсеткіштерінің бірі.
Бүгін өз таңдауын жасаған әрбір азаматқа алғыс айтамыз. «Байтақ» партиясын қолдағандарға да, басқа таңдау жасағандарға да ризашылығымызды білдіреміз.
Экологиялық күн тәртібі ешқайда кеткен жоқ – керісінше, оның маңызы арта береді.
Сондықтан біз өз жұмысымызды жалғастырамыз.
Уважаемые друзья!
Партия «Байтак» признает итоги выборов депутатов Курултая, объявленные сегодня Центральной избирательной комиссией РК.
Это исторические выборы. Впервые в истории Независимого Казахстана граждане напрямую сформировали состав нового однопалатного парламента – Курултая, – избранного полностью по партийным спискам в соответствии с Новой Конституцией страны. Мы благодарны, что смогли стать частью этого пути.
За время предвыборной кампании партия «Байтак» провела более 1500 мероприятий по всей стране, к работе были привлечены сотни волонтеров, распространено свыше сотни тысячи агитационных материалов. Особым событием кампании стал агитационный караван «Байтак-Керуен», прошедший от Аральского моря до Астаны – через регионы, для которых экологические проблемы не абстракция, а часть повседневной жизни.
Мы шли на эти выборы с ясной программой: чистый воздух, чистая вода и чистая земля для каждого города и села; справедливая экономика, где загрязнитель платит, а не перекладывает издержки на людей; достойная жизнь, современные города и прозрачное государство, подотчетное обществу. Мы говорили о засухе, об обмелении Урала и Балхаша, о городах, где люди буквально дышат тем, что разрушает их здоровье. Мы говорили об этом потому, что убеждены: без экологического измерения ни одна политика в стране не будет по-настоящему устойчивой.
Полученный результат – это честная оценка проделанной работы, и мы ее принимаем без оговорок. Нужно признать: партия, вероятно, не была в полной мере готова к такой масштабной кампании – по охвату, по ресурсам, по глубине работы с избирателем в каждом регионе. Это опыт, из которого мы обязаны сделать правильные выводы. Экологическая повестка в Казахстане будет только набирать значение – и наша задача научиться говорить о ней так, чтобы это находило отклик у миллионов, а не у десятков тысяч.
Выборы прошли в строгом соответствии с законом, и мы поздравляем коллег из других партий, получивших поддержку избирателей и заслуженное представительство в Курултае. Впереди у вас – большая ответственность, и мы желаем всем успешной работы на благо страны.
Воля избирателя – незыблемая основа любого демократического общества. Каждый гражданин имеет право участвовать в политической жизни своей страны, и мирные, честные выборы, отражающие реальную волю народа, – главный индикатор зрелости демократии. Мы благодарим каждого, кто сегодня отдал свой голос – и тех, кто поддержал «Байтак», и тех, кто сделал иной выбор.
Экологическая повестка никуда не уходит – она будет становиться только актуальнее. Поэтому мы будем продолжать нашу работу.
Азаматхан Амиртаев facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19NY6JLGDN/

