Үгіт-насихат жұмыстары Алматы облысында жалғасты
“Әділет” партиясының Республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Алматы облысында жалғасты. Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өңірдегі ел ағалары, белсенді жастар, зиялы қауым өкілдерімен кездестік. Ашық диалог форматында өткен жиында аймақтың өзекті мәселелері мен алдағы ортақ жоспарлар, бағдарламаның басым бағыттары талқыланды.
Қонаев қаласын заманауи, инфрақұрылымы дамыған әрі тұрғындарға қолайлы шаһарға айналдыру — біздің стратегиялық міндетіміз. Тұрғындар көтерген әлеуметтік бастамалар мен инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері партияның тікелей назарында болады.
Одан кейін Іле ауданының Байсерке ауылындағы “Galans Bottlers” АҚ өндірістік алаңында болып, зауыт қызметкерімен және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен емен-жарқын пікір алмастық.
Айта кетерлігі, партия бағдарламасының экономикалық блогында шағын және орта бизнесті қолдауға, отандық тауар өндірушілерді қорғауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген.
Біз кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, өндіріс орындарын кеңейтуге қолайлы жағдай жасауды көздейміз. Өндірісті қолдау — ел экономикасының қуатын арттыру деген сөз.
Жұмыс сапарымызды Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылында орналасқан «Фирма “БЕНТ” ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, еңбеккерлердің күнделікті жұмыс барысымен, ұсыныс-тілектерімен және өзекті мәселелерімен таныстық.
Біздің саяси тұғырнамамызда еңбек құқықтарын қорғау, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру қағидаттары нақты бекітілген.
Зауыт жұмысшыларының қажырлы еңбегі — ел дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Партия әрқашан қарапайым еңбек адамының мүддесін қорғауға басымдық береді.
Алматы облысының әлеуеті зор. Бағдарламамыз өңірдің қарқынды дамуына, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға және әрбір отбасының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.
Біз нақты істер мен нәтижелі жұмыстарға бағдарланғанбыз.
Жанарбек Әшімжан facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1HcnTMSQZY/



