ҚР халықаралық және сыртқы саясатын іске асыру бағыттары

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, белсенділігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен айқындалады. Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағын құрып, содан соң Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа, содан кейін 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа кірді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына халықаралық ұйымдармен және 186 мемлекетпен (Ватикан мен Палестинаны қоса алғанда) дипломатиялық қатынастар құрды.
Бүгіндері Қазақстан халықаралық саясатта өзіндік орны бар ірі ойыншы десе де болады. Ол әлемнің екі бөлігінің, Еуропа мен Азияның шекарасында, халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылары, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық тиімді географиялық жағдайына байланысты болмақ. Кез келген мемлекет экономикалық, әскери және саяси жағынан соншама мықты болса да, қазіргі кездегі ең өткір мәселелерін басқа елдерден бөлек шеше алмайды. Халықаралық тығыз ынтымақтастық шеңберінде ғана оларға қарсы тұруға болады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоршаған халықаралық жүйенің сын-қатерлеріне уақытында және лайықты жауап бере отырып, алдыңғы сапта тұрған еліміздің ұлттық мүдделерін сақтай отырып, сыртқы саясатты жүргізгені өте орынды.
Ең бірінші кезектегі міндеттердің бірі — Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саяси функцияларын жүзеге асырудағы нәтижелері мен жетістіктерін, хал-ахуалын зерттеп білу. Сонымен қатар келешектегі даму бағыттарын айқындау және халықаралық интеграция, жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кіреді.
Қазақстан стратегиясының сыртқы вектордағы негізгі көрінісі — сыртқы саясат тұжырымдамасы. Өткен жылдары Қазақстан Республикасының басшысы Қ. Тоқаев өзінің жарлығымен Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясатының тұжырымдамасын бекіткен еді. 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың барлық міндеттері түгелімен бітті. Экономикалық саладағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен, мысалы, индустриялық-инновациялық дамудың бесжылдық бағдарламаларымен салыстырғанда, сыртқы саясат тұжырымдамасында іс жүзінде мақсатты индикаторлар жоқ екендігі қайран қалдырды. Оны жүзеге асырудың нәтижелері Қазақстанның геосаяси мәртебесінің өзгеруі түрінде, негізгі серіктестермен және аймақтық деңгейде ынтымақтастықты дамыту үшін жағдайлар айтарлықтай сезіледі. Мемлекет басшысы да, парламентшілер де жеткілікті талқылаған экономикалық мемлекеттік бағдарламалармен салыстырып қарағанда солай болды.
Сонымен, 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саяси тұжырымдама өзінің тиімділігін стратегиялық жоспарлау құжаты ретінде көрсетті. Мемлекеттің сыртқы саясаты онда көрсетілген «күш сызықтары» бойынша құрылып, ал негізгі басымдықтар мен міндеттерді жүзеге асыру туралы дипломатиялық бөлімнің жұмысы жемісті нәтижелер берді. Сыртқы және ішкі факторлар кешені 2030 жылға дейінгі сыртқы саяси тұжырымдаманың дамуына өз әсерін тигізді. Қазақстанның өзгеріп отырған геосаяси шындыққа және халықаралық қауіпсіздікке қатысты сынақтарға бейімделуін тұжырымдама дайындалғаннан бері орын алған халықаралық қатынастар жүйесінің терең трансформациясы талап етті. Жаңа шындық үшін сыртқы саясат курсын жаңартып, дипломатиялық құралдардың кеңейтілуі тиіс болды.
Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының әсерлі органы бірнеше блокқа бөлінеді. Бірінші блок халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға баланысты мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы басымдықтарын белгілейді. Осы формула Қазақстан үшін түбегейлі маңызды бірнеше аспектілерді қарастырады. Және де Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының мақсаттары мен қағидаларына негізделген халықаралық қатынастардағы сенімділікті нығайтып, қалпына келтіруге, теңдік пен ымыраға негізделіп, көпжақты өзара әрекеттесуге әсер етуге бағытталған. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаларына негізделген халықаралық құқық нормалары мен әлемдік тәртіпті қолдайды Мемлекет басшысы бұл туралы жақында БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде айтып өтті. «Бүгінгі біздің жалпы адамгершілік міндетіміз — БҰҰ Жарғысының негізгі мақсаттары мен қағидаларына адалдықты көрсету», — деп баяндады ол.
Еліміздегі шешуші міндеттердің бірі — халықаралық қатынастардағы сенімділік дағдарысынан шығу болып табылады. Осы мәселені негізгі құралдарының бірі ретінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференция атап айтып кетті. Осыған орай Тұжырымдамада айтылған мақсаттарға байланысты қозғалыс та басталып кетті.
Шаргүл Қасымханқызы
