Ұлттық рухымыздың асқақ үні
Халқымыздың баға жетпес мәдени мұрасына айналған Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Домбыра – халқымыздың тарихын, тағдырын, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті қазына. Оның қос ішегінен төгілген әрбір күй – елдің шежіресі, бабалардың аманаты, ұлттың үні.
Ұлттық домбыра күні – төл өнерімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше мереке. Домбыраның қасиетті үні әр шаңырақтан естіліп, халқымыздың бірлігі мен берекесін нығайта берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілейміз. Күй күмбірі ешқашан үзілмей, ұлттық өнеріміз мәңгі жасай берсін!
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
“Qazaqstan dauiri” газеті, “ ЕлАна” сайты, “Мөлдір бұлақ” журналы ұжымы

