Менде жұрттың сөз қылып жатқан қыз баланың басқа ұлтқа шығуына қарай айтылып жатқан әңгімелеріне қарай өз ойымды айта кетейінші дедім.
Неге, біз өз ойымызды айтпас бұрын алдын ала ойланып алмаймыз яғни, менде де қыз бар немесе немерем бар өсіп келе жатқан оның, болашағы қалай болады деп. Әлде, бәрін көріп, біліп отырасыздар ма?…
Күлме досқа, келер басқа,-деген бар.
Кім баласын жат жұртқа қияды бірақ, амалың жоқ балаң сол жанды қалап тұрса өзінің іздегенін сол жанның бойынан тапса және ол таңдаған адамының қалағаны сенің балаң болса.
Сүйіспеншілік, махаббат деген ұғым жоқ емес, бар дүние ғой.
Қыз біткеннің бәрі мансап не дүние, ақшаның ізін қуып жүр деген пікір, қате. Әркім өз ойынан хабар береді демекші, бұлай жазатындардың өз ойлары солай деп білемін.
Ал, қалаған адамына бармай бір қазаққа шықты делік сонда, ол адаммен жарасып мәңгі бірге тұруына кепіл бар ма? Қазір не көп біздің елде әрине, ажырасу өте көп. Дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардамыз. Неге бұлай, бұған құлақ түріп, көз салып ойланып көрдіңіздер ма?…
Ертең сол шетел азаматына тұрмысқа шыққан қыздың баласы Еліміз үшін пайдалы іс жасаса не ғұлама болса онда, о біздің жиеніміз яғни, біздің қазақ қызынан шыққан бала екен деп тақиямызды көкке лақтырар едік, солай болсын да.
Қыздың жүрмейтін жері жоқ,-деген қашаннан айтылып келе жатқан қазақтың сөз тіркесі бар ендеше, бұл тегін айтылмаған болар және бұған атам қазақтың кешіріммен, көнбістікпен мейіріммен қарағаны да байқалмай ма?.
Ендеше, неге, қай жерге кімге кетсе де қыз балаға *бағы ашылсын*, * бақытты болсын* дейтін қазақ емес пе едік қайда қалды сол пейіліміз. Егер, сыртқа кетпесін деген намыс болса жігіттер ойлансын неге, бұлай болып жатқанын.
Мүмкін, кемшілік жігіттерімізде болар.

