Табысты әкенің ең маңызды қасиеттерінің бірі — қызын ұрып тәрбиелеуге дағдыландырмауы. Бұның бірнеше себебі бар:
Ұрып өскен қыздың болашағында психологиялық қайшылықтар пайда болуы мүмкін.
Ұрып өскен қыз сіздің шешімдеріңіз бен ережелеріңізге қарсы шығуы ықтимал.
Ұрып өскен қыз кез келген сәтте сіздің бақылауыңыздан шығып, берген тәрбиеңізді жоққа шығаруы мүмкін.
Ұрып өскен қыз болашақта отбасын дұрыс құра алмауы, сөз тыңдамауы және тіпті жұбайымен де қырсық болуы ықтимал.
Ұрып тәрбиеленген қыз тек күш көрсету арқылы ғана тыңдауға үйренуі мүмкін. Яғни, сіз оны ұрып тәрбиелесеңіз, ертең оны да солай қабылдайтын жағдайға өзіңіз жол ашасыз.
Ұрып өскен қыздың сезімдері мен эмоциялары әлсіреп, жауапкершілігі төмендеуі мүмкін.
Дұрыс әрі сау тәрбие — қызыңызды махаббатпен, мейіріммен, жылулықпен өсіру. Қыз бала — сіздің қуанышыңыз, көркіңіз және өмірдегі бақытыңыз. Ол ұрып-соғу үшін емес, құрмет пен қамқорлық үшін жаратылған.
Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені дұрыс тәрбиеленген қыз — болашақта дұрыс ұрпақ пен сау қоғамның негізі.
Сондықтан күн сайын қыздарыңызбен кемінде 15 минут бірге отырып, тәрбие мен адамгершілік туралы әңгімелесіңіз. Бұл қол көтеріп, оларға зиян келтіруден әлдеқайда пайдалы әрі қоғам үшін де игілікті.