18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.
🔶Бұл – ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
Бұл күн ұлттық киімді халықтың мәдени кодының маңызды бөлігі ретінде дәріптеуге, дәстүрді сақтауға және тарихи мұраға деген құрметті нығайтуға арналады. Қазақ халқының ұлттық киімі күнделікті тұрмыстық қажеттілік қана емес, терең мағыналы мәдени белгі болған. Киімнің пішініне, ою-өрнегіне, матасына және әшекейіне қарап адамның жасын, отбасылық жағдайын, әлеуметтік орныне, тіпті ру ерекшелігін де аңғаруға болған.
Ұлттық киім күні арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық болмысқа деген құрмет, тарихи сана мен халық мұрасына деген мақтаныш сезімі қалыптасады.
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН АҚ МОЛ БОЛСЫН..!