Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалардың қатарында өткір тұр. Біздің мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында мақсатты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Заңнамаларын жұмыс барысында қолданады.  Мемлекеттік қызметкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң, ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңдарды жариялылықпен, ашықтықпен  қолданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы заңға сәйкес өзге де істер болып табылады.

Осы заңда белгіленген құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды  анықтау және жою жөніндегі қызыметімен анықталады.

Басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында мақсатты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілгендіктен, оның көріністерін тоқтату және шектеу мақсатында қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі – заңды сақтау, мұнда моральдық құндылықтардың да рөлі зор. Өйткені жоғары адамгершілікке ие адам заңды бұзбайды. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деген сөз бар. Демек, әрбір азамат өзінен бастап, өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындаса, сыбайлас жемқорлық азаяды.

Басқарма қызметкерлері ҚР мемлекеттік қызметі туралы заң, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, әкімшілік рәсімдік — процестік кодекс, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң, ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңдарды жариялылықпен, ашықтықпен  қолданады.

 

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық             

бақылау басқармасының басшысы                      

  В.И.Конеева