*Қыз-ау…*

 

Бұл әңгімені жеңгем марқұм айтушы еді.
Баяғыда бір апа қартайған шағында балаларына: Мені туған еліме апарыңдар
«Қыз-ау» деген сөзді естігім келеді,-депті.
Балалары аналарының өтінішін орындап, туған жеріне алып келеді.
Еліне келген соң туған -туыстары апаларын құрметтеп -қадірлеп күтеді. Бірақ, ешкім оған «Қыз» деген сөзді айтпай, “Апалап “құрметтейді. Бір ай, екі ай жатады…
Сосын қадірлі анамыз өзінің құрбы-құрдастарының қалмағанын сезіп, үйіне қайтуға бел байлап жолға шығады.
Елінен көш ұзап кеткен кезде, бір аттың дүбірі шығып қуғыншы жолаушыларға жетеді.
Апамыздың бір құрбысы амандасайын деп ауылға барса, бұл кісі жолға шығып кетіпті.»Кішкене күте тұрсаңыздар, ол осында келе жатыр» дейді. Қуаныштан жүрегі жарыла жаздаған апа құрбысын күтіп тұрыпты.
Сәлден кейін
» Балалық шағым, жастық шағым, қыз-ау, қайдасың?» деген дауыс шығады. Жылап келе жатқан құрбысына қарсы апамыз да құшақ жая жүгіріпті.
Екі апаның бір -біріне деген сыйластығына, сағынышына ортақтасып қасындағы жолаушылар да көздеріне жас алған екен.
Ал апамыз «енді ол дүниеге аттана берсем де болады, қыз-ау деп айтатын бір адам бар екен,»- деп ризашылық білдіріпті.
Қыздар, сондықтан, аман болайық, бір-бірімізбен жас кезіміздегідей сыйласайық, барымызды бағалайық!

Құрметті қыздар!

Жүзге дейін бір-біріңе «Қыз-ау»дейтін қатарларың сиремесін, сағынысып кездесетін күндерің көп болсын, уайым-қайғыларыңыз жоқ болсын, денсаулықтарыңыз зор болсын, көрер қызықтарың мол болсын, отбасыларың аман болсын, мамыражай заман болсын!!! 🌹😘😍🥰💕
Сәлем қыздар-ау🙋‍♀️😘😘😘
(С)