… «Ж А Н Б Ө Л Е К» екен, АҒА!!! , СІЗ кеттіңіз — біз қалдық …

» …Дүниеде бір адам өлмейтін болса,СІЗ өлмесеңіз екен!» деп жүруші едім,аға! Тілекті Құдай бере бере ме,бүгін СІЗДЕН де айырылдық… Енді кімді алыстан болса да АҒАМ БАР деп жүремін?!!»

…Бірде Тағдырдан таяқ жеп,қан-жоса боп қалдым. Жәбірлеушім де Тағдырдан аяқ тартпайтын біреу болды ма,бірер жан болмаса,ешкім арқамнан қағып жұбата қоймады. Сол ауыр күндері: «Сені Асанәлі Әшімов қорғап,араша түсіпті!» деген көктегі ай жерге түскендей хабар естідім. Жүз спектаклін,он киносын көріп, мен үшін аспанда тұратындай ағаны алғыс айту үшін жұмыс орнына іздеп барайын. Жіберді,кірдім,сәлем бердім,сәлемімді алды,содан соң маған қарап: «Несіп,мен сенің әділетті жолыңды,ел спортына деген ақ ниетіңді қолдадым! Жөніне келсек,мен сені баспасөзден оқып жүргеніммен,жаңа ғана көріп тұрмын. Мә,мынау менің «ЖАН БӨЛЕК» деген кітабым,оқып шық. Тағдырдан таяқ жеп қалдым дейсің,Тағдырдың таяғы маған да оңдырмай бірнеше рет тиген…» деді де өзіне тән мінезбен үндемей қалды. Мұнан ары тұра беруге,сұрақ қойса қайтемін дедім бе,тез шығып кеттім.

…»ЖАН БӨЛЕК» деген кітабыңызды өз қолыңызбен силағанда,тура бір ата-бабамның тарихына кезіккендей,бір түнде оқып шығып,санама кітап құйған сезімнің қысымына шыдамай,отыра қалып: «ЖАН БӨЛЕК» болғанымен ТАҒДЫР ОРТАҚ,АҒА!» деген сырласу жазып,жарияладым. Оны жинағыма кіргізіп,өзіңізге апарып та бердім…»

… Оқып шығып,кеңсесіне шақырып,іні етті. Ол шығармам осы парақшаларымда бар,тікелей жариялауды білмеймін,тапсам,көшіріп басармын…

…Жылдар өтіп,Алматыда ағамен бір жолыққада Бағдат жеңгеміз құпиялап: «Несіп,сені аған өте жақсы көреді! «ЖАН БӨЛЕКТІҢ» нағыз тамыршысы сол Несіп деп» үнемі айтып отырады» деп тағы да ыстық ықыласқа қамап қойды…

…Жалған-ай,әкем мен шешемнің,бірге туған ағаларым мен жеңгелерімнің қазасы қабырғаларымды бір-бірлеп санап қайыстырып кетіп еді. Қайыспағаны онсыз да аз қалған… Солардың мына ауыр хабардан соң сықырлап,сынғалы тұрғанын қайтейін…

…Асанәлі ағаның творчествосын айтып беруге ай ғана емес,жылдар керек. Қазақ жастары соны түсініп,Асан ағасының өмірдегі де,өнердегі де ғұмырын ерінбей зерттеп,жалықпай үйренсе дейсің. Өйткені,АСАНӘЛІ ӘШІМОВ театрда 50-ден аса кейіпкер сомдағанымен қатар,кинода оннан аса жарқын бейне жасағанымен бірге,терең зерттей алған адамға,Асан ағаның ЖӘЙ ҒҰМЫРЫНЫҢ ӨЗІ(жүріс-тұрысы,сөйлеген сөзі,жалт қараған көзі,мына кең дүниеге ғана сиып тұрған тұлғасы және сол тұлғаны тұңғыш көрген жанға таныстыра алуы,үнсіздікті сиқыршыдай пайдалана алуы,сүюі мен сүйкімді болуы…) мың мінезді кейіпкерлер суретін беріп келді емес пе қазақ қоғамына?!! Міне,сол кітапты аш та оқы,санаға тоқы…

…ЖАН БӨЛЕК,екен,аға! Сіз кеттіңіз де біз қалдық… Мүмкін СІЗ бен Сіздей ұлт ұлыларын жоқтай түссін деп қалдырды ма екен бізді Жаратқан? Жаныңыз жәннаттың төрінде болсын,Асанәлі аға!!!

Несіп Жүнісбаев парақшасынан