Мұқағали Мақатаев (1931-1976):
…Мен соғысқа бармадым, мен соғысты көрмедім,
Бірақ көрдім солдаттың үйіне кеп өлгенін. Құмарлана құша алмай сағынышын жеңгемнің, Құлағанын үйге кеп өз көзіммен көргенмін. Мен соғысқа бармадым, мен соғыста болмадым,
Жүрді бірақ майданда мен жіберген қолғабым. Көрдік, бірақ құрбы қыз толмай жатып солғанын,
Жібіткенін көргемін әлдекімнін тондарын… Жанап өтті балалық, бала болып өспедім, Шаруаның ғұмыры, кенедейден кешкенім. Менен сұра, Бидайдың егілгенін, өскенін,
Менен сұра, Еңбектің қысқа таңын, кештерін. Менен сұра, соғыстың тастап кеткен зардабын, Ауыл қайтып көтерді қан майданның салмағын, Менен сұра, жас бала қайтіп әйел алғанын, Менен сұра, жас қыздың қайтіп шалға барғанын…
Samanai Shamgun

