ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП АШҚАН
Талаптанып, кәсіппен шұғылданғысы келетін адамға бүгінгі күні мемлекет тарапынан қолдау жеткілікті. Әсіресе, жұмыссыз отырған көпбалалы отбасылар үшін мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор.
Жақсылық ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Баян Тұрарова мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл қаражатқа ол жолдасының кәсібін дамыту мақсатында көлік жөндеу бағытындағы шеберхананы ашып отыр.
Бүгінгі таңда шеберхана заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.

