Түркістандық оқырмандар арасында әдеби кеш ұйымдастырылды
Киелі Түркістан төрінде оқырмандар арасында əдеби кеш өтті. Бұл жиын Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қала күніне орай «Нұрлана бер, гүлдене бер Түркістаным» тақырыбымен өткізіліп отыр. Негізгі мақсаты туған қаламыздың мəдениетін, тарихын, тілін, əдебиетін жастарға кеңінен насихаттау, жастарды поэзияға деген құштарлығын ояту болып саналады.
Тағылымды шараға «Белсенді ұзақ өмір» орталығының белсендісі зейнеткер Маханов Ыбырайхан, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітап өңдеу жəне топтастыру бөлімінің меңгерушісі Ахметова Майра, орталық кітапхананың кітапханашысы Сұлтанмұратова Роза қатысып, тарихи қаланың бүгінгі жаңарған келбеті аса шырайлы екенін тілге тиек етті. Жиын барысында «Балалар жəне жасөспірімдер» орталығындағы Көркемсөз үйірмесінің оқушылары Полатхан Қалдыкүл, Полатхан Ұлжан, «Қолөнер» колледжінің студенттері Құдайбергенова Гүлдəулет, Закиржанова Шахсанам, Мырзахан Пошанов атындағы N22 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұртаза Мұса Түркістан туралы жыр шумақтарын мəнерлеп айтса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өнер факультетінің 1-курс студенті Момыш Назерке «Көктемге хат», «Елге сəлем» атты патриоттық əндерін шырқады. Ориалықтың «Домбыра» үйірмесіне қатысатын Өмірəлі Саялы «Əлқисса», Тахир Сəбит «Нəр ағашы», Есенбай Айша «Жастар биі», Сайлаубек Əдемі-ай «Кеңес» атты күйлерін қазақтың қара домбырасымен орындады. Шара соңында келушілерге «Түркістаным – мекенім, киелісің» атты кітап көрмесімен танысты.
Түркістан қаласы



