ТӨЛЕН ӘБДІК:
«Қазақтың жерінде орыстандыру мектебі болды. Және соған мүлде қарама-қарсы ұлттық сананы сақтап қалуға арналған ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ мектебі болды. Ол ҰЛТТЫҚ САНАНЫ сақтап қалу үшін өзі қолынан оқулық жасады. Қазақтың аңыз-әңгімелерінен, ауыз әдебиетінен оған өзінің шығрмаларын қосып, тарихты қосып тұңғыш рет хрестоматия жасады. Ислам діні деген пән енгізді. Әсіресе оның әйгілі Бір Құдайға сыйынып, кел, балалар оқылық деген сөзі О, боже, храни, царя деген дұғаға қарама-қарсы болып естіледі.
Ал, ең бастысы не десеңіз, Ыбырайдың мектептері — ел қамын ойлайтын тұтас бір мектеп тәрбиеледі. Сол мектепте оқығандардың бірі АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ пен МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ. Одан әрі ол еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен АЛАШ қозғалысына, АЛАШ идеясына жалғасты».
Төлен Әбдік

