ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

Қан майданда соңғы демі шыққанша күресіп, жаудың қанын төккен батырларымыздың арқасында ұлы жеңіске жеттік. Ол ел үшін жәй ғана жеңіс емес, ұрпаққа мәңгі ұран болатын ұлы жеңіс.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
Сол кездегі қатал уақыттарда қаһармандықпен соғысқан миллиондаған адамдардың қатарында қазақ елінің азаматтары да ерлікпен шайқасты. Елін үшін жанын берген бұл батырларымыздың есімі әлі күнге дейін жадымызда сақталып келеді.
Аты алтынмен жазылатын батырларымыздың есімі көп.


Бүгін Тоғызкент ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіште тағзым жасалды.
Шараға аудан әкімі Сакен Мамытов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев — Сарысу ауданының құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбин, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Тоғызкент ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Еркінов, Тоғызкент ауылдық округі әжелер алқасы мүшесі Керімқыз Мұғалова, медицина саласының ардагері Сағымбек Бегеев, ауылдың зиялы қауым өкілдері және Тоғызкент ауылдық округтің бұрынғы әкімдері Дархан Баимбетов пен Алмат Орынбеков қатысты.
Жиылғандар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, ардагерлер рухына арнап құран бағыштады.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы