Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бүгін Жаңатас қаласы, Орталық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, өнімдер нарық бағасынан 15 — 20 пайыз аралығында төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.
Табиғи таза, ешбір қоспасыз жергілікті өнімге деген халықтың сұранысы қашанда жоғары.
Әрі баға тұрақтылығын сақтауда аталмыш шараның маңызы зор. Сондықтан, тұрғындар осындай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін жеткізді.
Жергілікті тұрғындар төмен бағада ұсынылып отырған жәрмеңкенің халық үшін тиімділігін айтып, ризашылығын білдіруде. Айта кету керек, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі әр сенбі сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.