ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

🍀Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді.

📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бәріміз үшін маңызды. Қоршаған орта таза болса, қоғам тазарады. Ағаш егіп, айналаны таза ұстау әрбір тұрғынның міндеті болуы керек. Бүгінгі экологиялық іс-шараде белсенділік танытқан ардагерлерге, жастарға, тазалық мекемесінің қызметкерлеріне, тұрғындарға алғысымды білдіремін, – деді Нұралхан Көшеров.

☘️«Парасат» саябағында 120 көшет отырғызылып, жасыл желек аумағы ұлғая түсті. Белсенділік танытқан тұрғындардың бірі – Мәдениет қараткері Ұлжан Мұстафаева.

📌– Бүгін қаладағы ардагерлер мен аға буын өкілдері, аналар алқасының мүшелері осы іс-шараға арнайы келіп тұрмыз. Мақсат – туған қаланы жайқалтуға үлес қосу. Немеремді ертіп келдім. Барша түркістандықтарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына үлес қосуға шақырамын, – дейді ол.

☘️Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЕЛ МАСШТАБНЫЙ СУББОТНИК В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

🍀В Туркестанской области прошел масштабный субботник в рамках программы «Таза Қазақстан». В нем приняли участие более 50 тысяч жителей области, было высажено около 17 тысяч саженцев деревьев.

☘️К экологической инициативе присоединился аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, который посадил деревья на территории парка «Парасат» в Туркестане. В ходе мероприятия он встретился с представителями старшего поколения, интеллигенцией и молодежью, подчеркнув важность озеленения региона и увеличения зелёных насаждений.

📌— Программа «Таза Қазақстан» инициированная Президентом страны Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым, имеет огромное значение для нас всех. Если окружающая среда чистая, то и общество будет чище. Посадка деревьев и поддержание чистоты должны стать обязанностью каждого гражданина. Я выражаю благодарность всем жителям нашей области, молодежи, сотрудникам коммунальных служб и всем жителям, которые проявили активность в сегодняшнем экологическом мероприятии, – отметил Нуралхан Кушеров.

☘️В парке «Парасат» было высажено 120 саженцев, и зеленая зона в этом районе значительно расширилась. Одним из активных участников субботника стала культурный деятель Ульжан Мустафаева.

📌– Сегодня в мероприятии участвуют ветераны, представители старшего поколения и члены Совета матерей города. Наша цель – внести свой вклад в озеленение родного города. Я привела с собой внука. Призываю всех жителей Туркестана участвовать в программе «Таза Қазақстан», — сказала она.

☘️Работы в рамках программы «Таза Қазақстан» продолжатся в Туркестанской области.

Пресс-служба акима Туркестанской области