Маңғыстау жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енеді

Бүгін, 22 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен «Маңғыстау түбегінің жартас мешіттері» ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті.

Жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес өңірдегі бес жерасты мешіті – Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан үпі мешіттерін халықаралық тізімге енгізу жұмыстары талқыланды.

Аталған ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігімен ғылыми-жобалық құжаттар әзірленіп, Париждегі штаб-пәтерге жолданды. Сонымен қатар қорғау аймақтары айқындалып, ақпараттық тақтайлар орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды.

Миссия аясында өңірге халықаралық сарапшылар келді. Олардың қатарында Бурса Улудаг университетінің профессоры, ИКОМОС сарапшысы Kivilcim Corakbas Figen Balikesir, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Дмитрий Воякин, «Қазреставрация» ШЖҚ РМК бас директоры Олжас Шариязданов және аталған мекеменің сәулетшісі Лаззат Бейсембаева бар.

Облыс әкімі өз сөзінде Маңғыстаудағы тарихи-мәдени мұраның байлығын атап өтті.

«Маңғыстау – тарихы терең өлке. Мұнда ежелгі қорымдар, сәулет өнерінің көрнекті туындылары саналатын тамдар мен сағаналар, жерасты мешіттері бар. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында осы ескерткіштерді қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде бес жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда қорғау аймақтары белгіленіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандардың бүкіләлемдік мұралар қатарына енуі халқымыздың тарихи құндылықтарын сақтап қана қоймай, еліміздің мәдени және экономикалық дамуына серпін береді», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесу соңында өңір басшысы миссия жұмыстарының аймақ үшін маңызы зор екенін атап өтіп, барлық шара халықаралық талаптарға сай жалғасатынын жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

***

Подземные мечети Мангистау включат в список ЮНЕСКО

Сегодня, 22 сентября под председательством акима области Нурдаулета Килыбая состоялось совещание с представителями технической оценочной миссии ИКОМОС по включению памятников «Подземные мечети полуострова Мангистау» в список Всемирного наследия ЮНЕСКО.

На заседании, в соответствии с поручением, данным Главой государства на Национальном курултае, обсуждался вопрос о включении в международный список пяти подземных мечетей региона — Бекет-ата, Караман-ата, Шакпак-ата, Шопан-ата и Султан-епе, .

Памятники были включены в предварительный список ЮНЕСКО в 2021 году. В этом направлении под руководством Министерства культуры и информации разработана научно-проектная документация и направлена в штаб-квартиру в Париже. Кроме того, были определены охранные территории, установлены информационные стенды, подготовлены фото- и видеоматериалы.

В состав миссии вошли международные эксперты, среди которых – профессор Университета Улудаг в Бурсе, эксперт ИКОМОС Кывылджим Чоракбаш Фиген Балыкесир, член Национальной комиссии по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО Дмитрий Воякин, генеральный директор государственного предприятия «Казреставрация» Олжас Шариязданов и архитектор учреждения Ляззат Бейсембаева.

В рамках миссии в регион прибыли международные эксперты. Среди них – профессор Бурса Улудагского университета, эксперт ИКОМОС Kivilcim Corakbas Figen Balikesir, член Национальной комиссии по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО Дмитрий Воякин, генеральный директор РГП на ПХВ «Казреставрация» Олжас Шариязданов и архитектор этого учреждения Лаззат Бейсембаева.

Аким области в своём выступлении отметил богатство историко-культурного наследия Мангистау.

«Мангистау – край с глубокой историей. Здесь находятся подземные мечети, древние некрополи и мавзолеи, являющиеся выдающимися памятниками архитектуры. В рамках программы «Мәдени мұра» проведена комплексная работа по защите этих памятников. В результате пять подземных мечетей были внесены в предварительный список ЮНЕСКО. В настоящее время определены охранные территории, ведутся научно-исследовательские работы. Включение этих объектов в список всемирного наследия позволит не только сохранить исторические ценности нашего народа, но и даст импульс культурному и экономическому развитию страны», – сказал Нурдаулет Килыбай.

В завершение встречи глава региона отметил большое значение работы миссии для области и подчеркнул, что все мероприятия будут продолжены в соответствии с международными требованиями.

Пресс-служба акима Мангистауской области