17 құнды кітабын сыйға тартты
Түркістан қаласының тұрғыны өзінің 17 құнды кітабын сыйға тартты. Осылайша «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасы тағы да баға жетпес қазыналармен толықты. Сыйға берілген бұл кітаптар түрлі тақырыпта деуге болады. Соның ішінде тарих, мәдениет және рухани мұра бар. Бұл дегеніміз келушілердің білімін тереңдетуге, зерттеушілер мен оқырмандарға жаңа деректер алуға толықтай мүмкіндік береді. «Біздің кітапхана қоры — тарих пен танымның тоғысқан ордасы. Әрбір сыйға тартылған кітап – келешек ұрпаққа қалдырылған мәңгілік мұра. Біз барлық азаматтарды өз кітаптарыңызды, қолжазбаларыңызды немесе отбасылық мұрағаттарыңызды кітапхана қорына қосуға шақырамыз. Бірге тарихты жаңғыртайық» дейді музей кітапханашысы. Әрбір еңбекті өткен мен бүгінді жалғайтын, болашаққа аманат болып жететін рухани қазынаға балау қажет екені белгілі.
Түркістан қаласы

