ӘР ҚАЗАҚ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТЫ БІЛУІ ТИІС

Негізі бүгін тамыздың 26 — жұлдызы нағыз тарихи күн. Бұл күні қазақтың қазіргі шекарасы беріктеніп , қазығы қадалып, шегесі шегеленген еді.
1920 жылдың наурыз айында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы т.б қазақтың ұлтшыл азаматтары құрған Алашорда автономиясын совет өкіметі күштеп таратқаннан кейін тамыздың басында Қырғыз (Қазақ) АССР — автономиялық меммлекет құруына Мәскеуден декларация келеді. Әсілі, жай құрылым емес жер мәселесінің тағдыры да шешілуі тиіс болатын. Аталмыш мәселеге Әлекеңдер өте мұқият һәм ыждағаттылықпен қарайды. Өйткені Солтүстік , Оңтүстік, Шығыс , Батыс шекараларының шегін шығарып қана қоймай, қазақтікі екеніне мұздай дәлел келтіруге тура келді. Мәскеудегі Лениннің өзі төрағалық ететін тартыста қазақ атынан баяндама жасайтын жасы небәрі 29 — ға келген өте білімдар , тарихи сауатты , математика саласының майталманы, сөзге шешен Әлімхан Ермековке бұйырады. Осынау хандар заманында найзаның ұшы мен білектің күшімен келген қазақтың ұлан байтақ жерінің тағдыры жалғыз Әлімханның қолында болды. Ол кезде шовинсит орыстар бүгінгі Қазақстанның : Шығыс Қазақстан, Семей, Ақмола, Қызылжар, Көкшетауынан дәмелі болатын. Онымен қоймай Ресейдің территориясына қазіргі Орал, Атырау, Маңғыстау облыстары кету керек еді. Бірақ Әлихан мен Ахметтің демеуімен мінберде қазақтың сұңғыла шешені, өткір көзді , ұлтшыл Әлімхан Ермеков тарихи байыппен, дәлел үстіне дәйек келтіре отырып қазақтың жерін Ленин бастаған большевиктердің уысынан тіспен жұлмалағандай тартып алады. 3 — күнге созылған тартыста шарасы таусылған Ленин амалсыз қазақ шекрасын 1920 жылдың 26 тамызында ресми түрде қол қойып бекітеді.
Міне қазіргі көп қазақ алашордашы Әлімхан Ермековтің есімін біле қоймайды. Өкінішті.