ЖАСТАР — ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Құрметті жас достар!
Сіздерді еліміздің келешегі мен кемел болашағы – Жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – елдің ертеңі, ұлттың үміті. Мемлекетіміздің жаңа дәуірдегі даму жолында, саяси-экономикалық және рухани өрлеуінде жастар қауымының алар орны ерекше.
Егемен еліміздің болашағы – білімді, белсенді, ұлтжанды жастардың қолында.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастар саясатына айрықша назар аударып отыр. Мемлекет басшысы «Жаңа адамдар» жастар форумында: — Қазақстанның жастары – жасампаз. Олардан тың идеялар, игі бастамалар шығады. Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында, — деп жастарға ақ жол тілеген.
Бүгінгі таңда Сарысу ауданында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 12 382. Бұл аудан халқының 28% құрайды (Жаңатас қаласында жастардың саны – 6906, ауылдық округтерде – 5476).
Аудандағы Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда Жастар ресурстық орталығы жастармен жұмыс жасауда басым бағыттарды іске асыруда. Жыл басынан бері 642 іс-шара өткізіліп, шараға 10 023 адам қамтылды. Волонтерлік бағытта 169 шара өткізіліп, 2 400 — ге жуық еріктілер тартылды. Жұмыссыз жастарға арналған маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында 50 жауынгер жұмыспен қамтылып, аудан аумағындағы жалпы көлемі 3000м2 аумақ тазаланып, 6 тонна күл-қоқыс шығарылды және 200 ағаш егілді.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жастардың кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында «Үздік аспаз – 2025» аспаздар байқауы, «Профи-2025» кәсіби байқаулары жоғары деңгейде ұйымдастырылса, «Әулие ата кітап оқитын өңір» жобасы аясында 40 — қа жуық түрлі форматтағы іс — шаралар өтті.
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясына аудан жастары да білек сыбана кірісуде. Әр апта сайын қала мен ауылдық округтерде «Сарқылмас саз» акустикалық кештер өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдап отырады.
Ауданымыздың жас спортшылары, жас өнерпаздар түрлі сайыстардан жүлделі орындарды иеленіп, ауданымыздың мақтаныштарына айналуда. Мәселен, UFC шебері Асу Алмабаев жақында UFC турниріндегі 5 — ші жеңісіне қол жеткізсе, жайылмалық балуан Нұр Аманшүкір халықаралық жарыстарда Әлем чемпионы атанып келеді. Жаңатас қалалық өнер мектебінің жас өнерпаздары республикалық жарыстарда жүлдесіз қайтқан емес. Мұның бәрі дарынды жастардың елеулі еңбегі деп білемін.
Қадірменді жас достар!
Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінгі мереке – сіздердің мерекелеріңіз. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, тың идеялар мен жарқын жобалар, биік белестер мен толағай табыстар тілеймін!
Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын бірге құрайық!
Құрметпен, Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов