САУДАКЕНТТЕ СЕРПІЛІС БАР

🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов Байқадам ауылдық округі, Саудакент ауылында халықпен есеп беру жиынын өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдағы ахуалды баяндап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарға тоқталды.

🔰Жалпы ауылдық округте дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Бүгінде Саудакент ауылындағы өрт сөндіру ғимараты ағымдағы жөндеуден өтуде. Ғимараттың шатыры ауысып, автокөлік қоюға арналған бокс соғылды және ғимарат толық жөнделіп жатыр. Сұлтанғазиев көшесі бойынан ақпараттық танымдық материалдарды және жарнама орналастыруға арналған лед экран орнатылды. Су тасқынының алдын алу, жасыл желектермен, ағаштарды суару және орталық көшелерді жаппай абаттандыру үшін Сұлтанғазиев көшесі бойындағы мектепке дейінгі су жүретін 172 метр ескірген лоток жаңартылды. Ауыл тұрғындарын жаппай спортпен шұғылдануына жағдай жасау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Тұрар Рысқұлов көшесі бойынан воллейбол/баскетбол ойын алаңшасы соғылды. Саудакент ауылының батыс жақ бетіндегі Сарымолдаев көшесі бойынан ветеринарлық пункт ғимараты, мал емдеуге арналған орын және мал шомылдыруға арналған купка құрылысы жүруде.

🔰Есептік кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов ауданның қоғамдық шараларына белсене атсалысып жүрген бірқатар ардагерлерін марапаттады.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы