Қазақ прозасының қара нарына арналған танымдық сағат өтті

Биыл жазушы, сыншы, драматург, аудармашы Қалихан Ысқақовтың туғанына 90 жыл. Осы орайда Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында келген оқырманға арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Қаламгер өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қалихан Ысқақов прозалық шығармаларымен, терең психологизмге толы повестері мен романдары, шынайы образдарымен ерекшеленеді. Ол – ұлттық әдебиетімізге көркемдік өлшем мен адамзаттық құндылықтарды әкелген суреткер. Қаламгер 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Чернова ауылында дүниеге келген. 1952 жылы ауыл мектебін бітірген соң, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1957 жылы тәмамдады.

Еңбек жолын республикалық басылымдарда бастады. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» журналында қызмет атқарды. Кейін Қазақстан Жазушылар одағында басшылық лауазымдарда болды. Оның шығармаларында адамның ішкі жан дүниесі, ауыл өмірі, қазақы болмыс шынайы бейнеленеді. Белгілі шығармалары: «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Ақсу – Жер жаннаты», «Жеті томдық шығармалар жинағы». Сонымен қатар ол орыс және шетел әдебиетінің таңдаулы үлгілерін қазақ тіліне аударды.

Қалихан Ысқақұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» ордені және басқа да марапаттардың иегері. 2014 жылы 25 қаңтарда дүниеден өтті. Біртуар азаматтың шығармашылық мұрасы жас ұрпаққа бағыт-бағдар берер рухани байлық ретінде мәңгі есте қалады.

Түркістан қаласы