Заңгер — даугер емес…
Қазіргі Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек секілді 100 әділ заңгер болғанда, біз бүгінгі ең бай ел Қатарды — қатарға тұрғызбайтын едік…
Өкінішке қарай, заңгерлердің дені қорқақ, әділетсіз, дүниеқоңыз…
Бақытжан Базарбекке кім қоқан-лоққы жасамады дейсің?! Тіпті, анасының жиған-терген ақшасын алып кетті…
Сонда да бұл батыр жігіт Бақытжан алған бетінен қайтқан жоқ, әділдік туын құлатқан жоқ. Қай күні ғана Алматының бөктеріндегі ұланғайыр жердің тағдырына алаңдап, ұры Назарбаевтың сыбайласы, Алматының тауларынан өте көп тегін жер телімдерін иемденіп алған генерал Павел Новиковпен қаншама жылдар алысып, ақыры жеңіп, генералдың жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарып берді.
Енді «Көп, Новиковтың шаруасы шешілді» деп тыныс ала бергенде, заңгердің қармағына марқұм Сергей Терещенко мен Нұртай Әбіқаев ілігіп, Базарбектің кезекті, жаңа жорығы басталып кетті…
Ұры Назарбаевтың сенімді серіктері Нұртай Әбіқаев пен экс-премьер Сергей Терещенконың компанияларына қатысты жұмысты үдете жасаған Бақытжан Базарбек Бас прокурорға сауал жолдады.
« Бас прокурор мен Жер ресурстарын басқару комитеті тарапынан мұқият тексеруді талап ететін мәселе: мен Жетісу облысының Сарқан ауданында «Март-Агро», «Сарканд-МТС-Агро», «Сарканд-Агро» компанияларының жерді ұзақ уақытта игермей отырған туралы шағым алдым. Сөйтсек, «Жер мақсатты түрде пайдаланылып жатыр» деп, облыстық Жер ресурсын басқару департаментінің арызды жоққа шығарып, шыңғырған себебі — жерді иемденіп отырған бірнеше кәсіпорынның артында марқұм Сергей Терещенконың жақындары тұр екен. Стратегиялық аумақты Терещенко мен Әбіқаев секілді ескі гвардия өкілдерінің құйтырқы схема арқылы қайтадан жекелендіріп алуына жол бермеуіміз керек. Бас прокурордан 848 гектар жерге шұғыл вето қойып, оларды Іле-Алатау ұлттық паркінің құрамына қосуды талап етемін. Сонда ғана мәселе түбегейлі шешіліп, жер көлденең біреулердің қолына өтіп кетуден аман қалады. Қазірдің өзінде қолымызда көптеген дерек бар. Мұндай жайттың артында кім тұрғанына қарамастан жұмысты тоқтатпаймыз. Тың фактілерді биыл қыркүйек айында жұртқа жария етемін», — деді мәжілісмен.
***
Заңгер — даугер емес қой, Бақытжанды халық болып қызу қолдауымыз керек.
Қажымұқан Ғабдолла.

