НЕЛІКТЕН ГЕРМАНИЯДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ (УНИВЕРСИТЕТТЕР) ТЕГІН?
Мына 63 жастағы ақ шашты әйел — университетте доктор, профессор.
Мен оған осы сұрақты қойған едім …
Ол өз бөлмесінде 50-ге жуық құсты тамақтандырады. 3 бөлмелі пәтерде екі үлкен балкон бар. Балкондар дәл парк секілді, әртүрлі өсімдіктер өте көп өседі.
Ол үстелдегі құмырсқаны ақырын ғана ұстап алып, далаға шығарып жатып маған қарады да:
— Негізінде, бүкіл әлемде білім беру тегін болуы керек. Менің студент кезімде оқыту тегін ғана емес, барлығына шәкіртақы да берілетін. Жақсы, немесе нашар оқу маңызды емес еді. Ең бастысы жалпыны түгелдей оқуға ынталандыру маңызды болатын. Өкінішке орай, қазір олай емес.
Осылай болу арқылы, әркімге оқуға мүмкіндік табылып, және оқығаны үшін ақысын алу жақсы еді. Тым болмағанда жұмыссыз жүрудің орнына оқып, ақша тапсам деп ойлайтын.
Адамдар қаншалықты білімді болса, соғұрлым олар елге қажет болады. Білім беру дегеніміз ешқашан бизнес болмауы керек. Білім алу қаншалықты қиын болса, соғұрлым адамдар дұрыс емес нәрселерге көбірек тартылады, олар өз идеяларын сата бастайды, ал қоғам қараңғыланып кетеді.
Елде білім алу қымбат, ал адамдардың білім ала алмауы билеуші азшылыққа пайдалы. Қаруланған сарбаздары көп, техникасы дамығаны емес, есесіне білімді адамдары көп ел ғана ең мықты мемлекет бола алады. Халық саны неғұрлым аз болған сайын, ғылым-біліммен қарулану соғұрлым артуға тиіс … деген еді.
Аударған . Амантай Тойшыбайұлы