СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Әлеуметтік желі арқылы Мұхамеджан Тазабектің «Енді айтуға болады» деген кітабы жарық көргенін естіп, неғып енді айтуға болады, неғып бұрын айтпады деген сұрақ маза бермей жүрген еді.
Содан ақыры Мұхаңның өзімен хабарласып, көкейдегі сұрақты қойып, кеңінен сұхбат жасадық.
Жалпы Мұхамеджан Тазабекті сынаушылар да, жақтаушылар да көп қой. Не үшін сынайды? Не үшін мақтайды? Осы жағы да әңгіме болды.
Сұхбатты алған — белгілі журналист Есет Досалы.
Сұхбатты Aq jol газетінен оқыңыздар.
Айтпақшы қасиетті жұма, 13-маусым күні Таразда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері Мұхамеджан Тазабектің «Енді айтуға болады» атты кітабының тұсаукесері өтеді.