Қазіргі кезде соғысқа қатысушылармен қатар, олардың ізін баса өкшелес дүниеге келген тыл ардагерлерінің де қатары күн сайын селдіреп, азайып барады.
Ата — бабаларымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімінің мықтылығынан және тыл ардагерлерінің табанды еңбегі маңдай терінің арқасында еліміз жеңіске жетіп, бүгінгі күнде тәуелсіз мемлекетте бейбіт өмір сүрудеміз.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Орталық алаңда өтіп жатқан шарада аудан әкімі Сәкен Мамытов еңбек және Тыл ардагерлеріне «ҰОС — на 80 жыл» мерекелік төсбелгіні тақты.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым.